Мәселе

Қарқаралы: Сот әкімнің "ар-намысқа нұқсан келтірді" деп айыпталған тұрғынды ақтады

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

№2 Қарқаралы аудандық соты "жала жапты" және "ар-намысқа нұқсан келтірді" деп айыпталған тұрғын Ерболат Төлеутайды ақтады. Бұл ақпаратты 5 желтоқсанда "Әділ сөз" баспасөз қорғау қоры хабарлады.

"Әділ сөз" дерегінше, Қарқаралы қаласының тұрғыны Ерболат Төлеутайдың сотқа тарылуына Facebook-те жазған "Надан әкім" атты жазбасы түрткі болған. Онда ол аудан әкімі Қалел Мақсұтовтың ескерткіш орнатуға байланысты шешіміне қарсылық білдірген. Осыдан соң аудан әкімі Қалел Мақсұтов сотқа шағым түсіріп, Төлеутайды "ар-намысқа тиді" деп айыптаған. Соттан тұрғынды моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге төлеуді міндеттеуді сұраған.

"Ерболат Төлеутайдың жазбасына сараптама жүргізілді және "Әділ сөз" қорының ақпараттық дау жөнінде Қоғамдық орталық маманы қорытынды жасады. Талдау нәтижесіне сүйенген судья "надан" сөзі автордың пікірі және әдеби нормаға қайшы емес деген қорытындыға келді" деп жазды "Әділ сөз".

Sud.kz сайтындағы дерекке сәйкес, сот үкімі 25 қарашада шыққан. Сот үкімінде шағымданушы тараптың үкімді апелляцияға беруіне 15 күн уақыты бар екені жазылған. Мақсұтовтың сот үкімін қайта қарауға бергені-бермегені белгісіз.

"Әділ сөз" дерегінше, әуел баста Төлеутай "көптеген заңбұзушылыққа байланысты" Қарқаралы аудандық сотының судьясын ауыстыру туралы өтініш жазған. Кейінірек сот Егіндібұлақ ауылындағы №2 сотқа берілген. Істі судья Жаманқұлова қараған.

Қазақстанда "жала жабу" немесе "ар-намысқа тию" баптары бойынша журналистер мен тұрғындардың сотқа тартылуы сирек кездеспейді. "Әділ сөз" қорының мәліметінше, 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда Қылмыстық кодекстің "жала жабу" немесе "ар-намысқа тию" баптары бойынша кемінде тоғыз журналистің үстінен сотқа шағым түскен. Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Қазақстан билігін жала жабу және ар-намысқа тию баптарын қылмыстық заңнан алып тастауға шақырып келеді.

 azattyq.org




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30