Мәселе

Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы боп шықты (видео)

  • Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы боп шықты (видео)

    Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы боп шықты (видео)

Алматыда полицейлер жеңгетайлық пен жезөкшелік қызметтер көрсетіліп келген жабық караоке-барды анықтады. Тәртіп сақшылары жеңіл жүрісті 14 қыз бен Оңтүстік Кореяның 3 азаматын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Караоке-притон қаладағы бизнес орталықтардың бірінің 10-қабатында орналасқан. Полицейлер «жұмыс орнынан» 14 жеңіл жүрісті қыз бен 3 оңтүстік кореялық азаматты ұстады.


«Бұл күмәнді орында «шай-кофе» принципі бойынша қызмет көрсетліген. Яғни клиент «шай» деген нұсқаны таңдағанда, қыз жанында болып, ән шырқап, жай ғана қонақтың көңілін көтерген. Ал «кофе» деген код сөзді атаса, қыз отырыстан кейін клиентпен бірге кететін болған. Көбіне клиенттер Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары болған», - дейді Алматы қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасы басшысы Жанболат Зиадин.Полиция мәліметінше, тұтқындалған 14 жеңіл жүрісті қыздың үшеуі Өзбекстаннан, ал біреуі Ресей Федерациясының азаматшасы екен. Қалғандары – өз отандастарымыз.


«Сонымен қатар оқиға орнынан 1985 жылғы азамат ұсталды. Ол осы жердің әкімшісі болған. Бұған дейін жезөкшелікке тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған», - дейді Жанболат Зиадин.Әзірге аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бабына сәйкес әкімшілік өндіріс тіркелді. Караоке-бардың иесіне қатысты тиісті шаралар қабылданады, дейді полициядағылар. Ұсталған тұлғалардың барлығы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың тұлғасы анықталып, заңға қайшы әрекеттерге қатысы тексерілетін болады.


Ал өзге ел азаматтарының Қазақстан аумағында заңсыз жүрген-жүрмегені тексеріледі.


 




Көрілген: 1731    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 18:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30