Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарттарым аман-сау жүрсін

27 қаңтар 2011, 18:42

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да биыл – 64 жыл. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алады. Ал жеңіспен оралған майдангерлерге құрмет көрсетіледі. Әсіресе, бейбіт елде бейқам өмір сүріп жатқан бүгінгі бақытты ұрпақтың өздерін осы күнге жеткізген кешегі қан майданның ардагерлеріне деген құрметі шексіз. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында еліміздегі қала, аудан, ауыл мектептерінің барлығында түрлі шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Ардагерлерді мектепке арнайы шақырып, сый-құрмет көрсеткен білім ордаларының бірі – Қ.Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназиясы.
Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш­ті №56 мектеп-гимназиясының дирек­то­ры­ның тәр­бие ісі жөніндегі орынбасары Оль­га Хол­мецкая ұйымдастырыпты. Кештің ал­­ғаш­қы әдеби-ән бөлімінде мектептің ән­­ші оқушылары Тайкен Батырхан «За того пар­ня», Сауранбаева Әлимаш «Огонек», Ха­­ми­то­ва Кристина «Катюша», Дүйсекеева Ажар «Әлия», Суршанова Анна «Песенька о ка­пи­тане» әндерін кө­рер­мендерге тарту етті. Сон­дай-ақ Гүл­гү­лям Байдалина же­тек­шілік ететін «Дети солн­ца» атты балалар хоры да Ұлы Же­ңіс­ке арналған әндерді орындады. Кеш ба­рысында «Письма с фронта» деп аталатын бө­лім­де Юлия Виноградова, Маргарита Фе­лин­ская, Аян Арманжан секілді оқушылар өз­де­рі шы­ғарған майдан хаттарын оқыды. Олардың бірі баласының анасына жазған ха­тын, енді бірі әпкесінің сіңлісіне, тағы бірі ерінің жарына жазған хаттарын әсерлі етіп оқып, жүректерінен шыққан тебіреністерін жү­рек­терге жеткізе білді. Қ.Сәтбаев атын­да­ғы мек­тептің май­дан хаттарын оқыған оқу­шылар – аудандық жарыстарда жүл­де­лі орындарды иеленіп жүрген дарынды ба­­лалар. Мек­теп оқушыларының соғыс жыл­­дары мен Же­ңіс күніне арнаған әнде­рін тыңдап, кө­ріністерін тамашалаған ар­да­гер­лер өз­дерінің жастық шақтарына қай­та оралғандай болды.
Ана­ны баласынан, әйелді жарынан, ба­ла­­­ны әке­сі­нен, бауырды ағасынан айырған со­­ғыс жыл­дарын көзге жас ал­май ес­ке алу мүм­кін емес. Сол бір қасіретті күн­­дер­дің ызғары жарты ға­сыр­дан астам уа­қыт өт­­­се де жүректерден өш­пей келеді. Ен­дігі уа­­­қыт­­та ба­ла­лар­дың ба­қыт­­ты ша­ғы­на еш­қа­­шан ешқан­дай со­ғыс қаяу тү­сір­ме­сін де­­­гі­міз келеді.