Мәселе

"Қашанғы ақша беремін": Сарыағаштық мұғалім мектептің былығын әшкереледі

  • "Қашанғы ақша беремін": Сарыағаштық мұғалім мектептің былығын әшкереледі

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі білім ұясында ай сайынғы жиналатын қаржы мен көлеңкелі "салықтан" мезі болғанын айтты. Педагог жұмыс орнындағы өзге жайттарды да әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Бақытжан Бейсенбаев Сарығаш ауданы, Дихан баба ауылындағы Алтынсарин атындағы мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

17 жылдық тәжірибесі бар ұстаз жұмысындағы ай сайынғы ақша жинаудан мезі болған.

"Мектепте ай сайын 7-8 мың теңгеден жинаймыз, оның біразы тексерулерге, біразын білім ұясындағы кем-кетіктерге деп алып кетеді. Тексерулер болғанда, бізге көбіне білім бөлімінен кеп жатады, сосын прокуратура кейде "СЭС"-тен адамдар келді деп, жалақымыздан сол 7-8 мың теңгені ұстап қалады ғой", - дейді мұғалім.

Ол арнайы рейд кезінде полицияға ұсталып, өз-өзіне қол салмақ болған оқушыға қатысты мәселені жабу үшін директор тағы да ақша сұратып жатқанын жеткізді.

"Бұл жолы 18 қарашадан 19-на қараған түні, сағат 2-лер шамасында, тойханада даяшы болып жүрген оқушымыз полицейлерге рейд кезінде ұсталып қалыпты. Сол қыз қорыққанынан қолындағы тамырын кеседі. Қазір сол істі жабу үшін басшымыз бізден 100 мың теңге жинап жатыр.
Бірақ мен оған қосылмаймын! Қашанғы ақшаны бере беремін?! Шаршадым бәрінен. Ол оқушы сабақ уақытында ұсталып отырған жоқ қой, одан кейін бізде тойханада жұмыс істейтін он шақты оқушы бар, олар мүлдем сабақ оқымайды! Түні бойы жұмыс істесе, қайдан оқысын? Қалғып-мүлгіп, мектепке келіп-кетеді әйтеуір", — деді Бақытжан Бейсенбаев.
Ұстаз бұл мәселені көтергені үшін әріптестерінен қысым көргенін де жасырмады.

Ал мектеп директоры білім ұясында ақша жиналатынын жоққа шығарды.




Көрілген: 3764    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 16:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31