Қасқырдың мүшелері де қымбаттап жатыр

Қасқырдың мүшелері де қымбаттап жатыр

Дала тағысы – қасқыр жайында әңгіме қанша айтылса да таусылмайтын шығар. Буын сырқырағанын басады дегесін іш майын іздейміз деп жүріп біз ол туралы біраз қызықты жайларды білдік. 

Мысалы, бүгінде базарлардағы түрлі дәрі-дәрмек сататын орындардан қасқырдың азу тісін табуға болады. Оны жұрт негізінен тұмар жасату үшін алады екен. 

Дайын тұмарлар да бар. Бағасы – 3 мың, 5 мың, 10 мың теңгеден. Сатушылардың айтуынша, мұндай тұмар таққан адамға тіл-көз өтпейді, ол сұсты, күшті, жүректі болады деседі. Тіл-көз тиген сәбиді осындай тіс салынған суға шайындырса, бойы тазарып, жеңілдеп қалатын көрінеді. 

Зергерлік бұйым шеберлеріне тапсырыс беріп, бөрінің азу тісі қондырылған бойтұмар, «брелок» жасатып алуға да болады екен. Ондай заттың бағасы жасалу сапасына қарай 40 мың теңгеден жоғары жүреді. 

Базардан қасқыр тырнағынан жасалған тұмар алуға да болады. Бағасы – 2 мың теңге төңірегінде. Білетіндер онымен шаншу қадал­ған адамды емдеуге болады дейді. Сәбиге тіл-көз тиюден қорғау үшін де осындай тұмар жасатқызатындар бар екен. 

Қасқырдың 150 – 200 грамдық шағын шыны ыдыстағы іш майы 3 мың теңге тұрады. Оның буын сырқырауынан айықтырып қана қоймай, домбығып-ісінуін басатыны, буынды шығарып алғанда ем болатыны туралы естідік. Оны сондай-ақ тыныс жолында проблемасы барлар да алады екен. Тамақ қабынғанда, қолқаға суық тигенде ем болады дейді, бронх демікпесінен, тіпті туберкулезден емделу үшін де пайдаланылатыны туралы білдік. Тек оны қолданар алдында «су моншасына» салып, жібітіп алу керек екен. 7 жасқа дейінгі балаларға ішуге болмайды. Тіпті үлкен адамдардың өзіне емделу кезінде күніне бір-екі қасықтан артық ішпеу керегі ескертіледі. Әйтпесе өкпені күйдіріп жібереді дейді. 

Қасқыр майы денеге шыққан түрлі жаралардың тез бітіп кетуіне де пайдалы екен. Бірақ оны бірден қолдана салмай, алдымен ағзаға жағатын-жақпайтынын біліп алу керек. Ол үшін майды терінің нәзік жеріне (қолдың сырты, мойын, тағы басқа) аздап қана жағып қояды. Бір-екі сағаттың ішінде ешқандай жайсыздық сезілмесе, онда сізде қасқыр майына аллергия жоқ деген сөз екен. 

Қасқыр майы бала көтере алмай жүрген әйелдерге де шипалы деседі. Жалпы, әйелдердің ғана емес, ерлердің де жыныстық ауруларына, қуық аумағы дерттеріне, бедеулік пен белсіздікке де емдік пайдасы бар деп айтылады. 

Қасқырдың бауырын езіп, одан аздап жақса, әйелдерде суықтаудан болатын мастит ауруына ем екен. 

Ал оның кептірілген өті 10 мың теңге тұрады. Оны суықтан, ауыр салмақ зиянынан болатын буын-омыртқа ауруларына, түрлі іш құрылысы дерттеріне қарсы қолданатын көрінеді. 

Естеріңізде болса, биылғы ақпан айында базарда ұрғашы қасқырдың қынабы 5 мың теңгеден бағаланып тұрғаны туралы жазған едік. Бүгінде сол «тауар» екі есеге қымбат болып тұр екен. Біреуіне 10 мың теңге сұрау­да. (Оны жол ашады, тіл-көзден, сиқырдан, бәле-жаладан қорғайды, отбасынан кеткен күйеуді қайтарады, бел қуатын арттырады, еркекті әйелге сүйкімді етеді деп сипаттап жүргендер бар). 

Біз қасқыр терісін де емге қолданатындар бар екенін естідік. Ал қасқырдың иленбеген терісі – 50 мың теңге, иленіп, ішік, тон, тұлып, аяқ киім тігуге жарайтындары 200 мың теңге тұрады екен. 

Н. ӘБДІ

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста