Мәселе

Кәсіпкерді жазаламақшы болған екі қазақстандық полицейдің масқарасы шықты

  • Кәсіпкерді жазаламақшы болған екі қазақстандық полицейдің масқарасы шықты

    Кәсіпкерді жазаламақшы болған екі қазақстандық полицейдің масқарасы шықты

Екі қазақстандық полицей кәсіпкерді қақпанына түсіреміз деп, өздерінің масқарасы шықты. Олар қанғыбаспен ақылдасып қитұрқы әрекет орындамақ болған. Алайда саудагерді айыппұл арқалатпақ болғандардың өздері дауға ілікті. Енді олардың іздеріне ішкі істер министрлігі түсті, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Осындайдың керегі не?! Арамзалық, масқара ғой! Егер менде камера болмаса, айыппұл салып кететін еді. Сотта да оны дәлелдей алмайсың. Бұлар сөйтеді де, хаттама толтырып, маған айыппұл салып кететін еді. Біздің не жазығымыз бар? Бала-шағамызды асырап отырмыз", - деген дауыстар естіледі желіде таралған видеода.

Бейнежазбада автотұраққа тоқтаған көліктердің бірінен қолында сөмкесі бар қаңғыбас еркек түскені аңғарылады. Ол дүкенге кіріп арақ сұрайды. Алайда әлі таңғы уақыт болғандықтан, сатушы оған арақ сатпапты. Біраз тұрған соң, маскүнем далаға шығып кетеді. Осы уақытта қаңғыбас түскен көліктен екі полицей де шығады. Бірі тоқтап, қаңғыбаспен сөйлесіп тұрады. Ал екіншісі айналып барып, бірден дүкенге кіреді. Артынша қалған екеуі кіреді.

Кәсіпкердің сөзінше, бірінші кірген полицей бірден «рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың» деп, дүкен иесін қыспаққа ала бастапты. Сөмкесінде жатқан арақты көрсетіп, маскүнем де сақшының сөзін растайды. Алайда дүкен ішінде де камера орнатқан кәсіпкер өзінің арақ сатпағанын көрсетіп құтылады. Айласы аспай қалғанына көзі жеткен екеу маскүнемді ертіп, қайтадан бір көлікке мініп кетеді. Бұл жағдай үш күн бұрын болған екен. Кәсіпкерді қақпанға түсірмек болып масқарасы шыққан қызметкерлерінің кім екенін енді ішкі істер министрлігіндегілер анықтап жатыр.  




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31