Мәселе

Кассада билет бола тұра, жолсерікке неге пара береді?

  • Кассада билет бола тұра, жолсерікке неге пара береді?

    Кассада билет бола тұра, жолсерікке неге пара береді?

Жол жүрудегі жемқорлық! Атырауда билетсіз жолаушылармен ашық саудаласқан жолсеріктер тұтылды. Билетсіз жол жүруге жолаушылар да бейім. Яғни, кассада билет бола тұра, жолсерікке пара бергенді жөн санайтындар көп екен, - деп хабарлады КТК арнасы.


- Жолсерік ортақ вогонға бара бер, сосын шешеміз деп жатыр.


Бұл Атырау-Маңғышлақ пойызына мінгісі келгендер мен жол серіктің диалогы. Бейнеу станциясына дейін жетпек болған жолаушы 1,5 мың теңгеге бола заң бұзды. Енді жолаушыға әкімшілік шаралар қолданылып, жолсерікке қатысты қызметтік тексеру шаралары жүреді.


Тексеру тобы мүшелерінің айтуынша, билетсіз жүру оқиғалары демалыс және мейрам күндері көп тіркеледі. Сондай-ақ, жүк тасуға келгенде де «бармақ басты, көз қыстылық» жиі кездеседі. Жыл басынан бері 74 тексеру жүргізген жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері жарты тоннаға жуық жүк тәркілеген.


Жәнібек Қаражанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің басқарма басшысы: - Нақты айтқанда, 102 билетсіз жолаушы анықталды. Олардың барлығына әкімшілік шара қолданылып, тиісті жазаларын алды. Енді осыдан басқа заң бұзушылыққа жол берген, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын көріністерге жол берген жолсеріктерге қатысты тәртіптік ісшара қолданылады. Оның ішінде бес жолсерікке қатысты тиісті шара қолданылған.




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 14:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31