Мәселе

«Қастандық деп күмәнданам». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

  • «Қастандық деп күмәнданам». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

    «Қастандық деп күмәнданам». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуанық Шамахайұлы қайтыс болды деп жазды жұбайы Айша Тұрмағанбетова өзінің Facebook-парақшасында.

Ол бір сағат бұрын ғана, таңғы 9-дар шамасында әлеуметтік желіде «Қуандықты өлтіріпті» деген жазба қалдырды.

 

 

Ал, Шамахайұлы қайтыс боларынан шамамен 6 сағаттай бұрын өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін айтып, Facebook-те пост жазған. Ол Нұр-сұлтан қаласындағы №1 ауруханада коронавирустан емделіп жатқанын, түн ортасында дәрігерлер құжатқа қол қойдырып, дәрі ішкізгенін жеткізген болатын.

 

 

Желіде қоғам белсендісін туыстары да жоқтап, дәрігерлерді айыптап жазба қалдырған.

 

 

 

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты деректі ресми органдар әлі растаған жоқ.

Айта кетейік, Қуандық Шамахайұлы – Моңғолияда туып-өскен, Ұлан Батырда Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған.

Қуандық Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті. 1993 жылы Мадридтегі Халықаралық журналистер ұйымына мүшелікке өтіп, БҰҰ мен ЮНЕСКО мойындаған «халықаралық журналист» деген арнайы мәртебеге ие болған. 2001 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің шақыруымен Вашингтонда, Рестонда, Арлингтонда, Нью-Орлеанда, Колумбия-Миссуриде, Атлантада, Нью-Йоркте болып, бірнеше жетекші университет мамандарымен тәжірибе алмасқан және Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы комитетінде тағылымдамадан өтіп, білім жетілдірген.

Ол журналистика ғылымының теориялық мәселелерін қаузаған 10 кітаптың, ғылыми-танымдық, публицистикалық мақалалардың, 100-ден астам сықақ әңгімелердің, әдеби-көркем аудармалар мен сын зерттеулердің авторы.

1994 жылдан бері еліміздің жетекші университеттерінде журналистика, мәдениеттану, қоғаммен байланыс, этика, әдебиет теориясы, аударма ісінің теориясы, әлем әдебиеті салалары бойынша дәріс беріп келген.

 

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31