Мәселе

Қателестіңдер! Тайжан "Сбер" жайлы жазған журналистерге ренжіді

  • Сурет: facebook.com

    Сурет: facebook.com

"Соңғы екі күннен бері менің жазған бір постым талқыланып жатыр. Журналистер оны алып, одан жалған жаңалық жасап жіберіпті", дейді Мұхтар Тайжан, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

– Менің ол журналистерге бір жауабым бар еді. Біріншіден, адамның жазған постын мұқият оқу керек. Мен осы сәрсенбі күні цифрландыру туралы сараптамалық кеңестің отырысы қалай өтті, не айтылды дегендей нәрсені жазғанымда "Сбермен меморандум бұзылды, жойылды" деген ақпарат шыға бастады, – дейді ол.

 

Енді менің сол постымды мұқият оқып алайық. Бірінші пунктте Сбербанк бұған дейін жоспарланғандай, Қазақстанды цифрландырумен ары қарай айналыспайды, ары қарай мұнымен қазақстандық IT-компаниялар айналысады, делінген.

 

Біздің eGov ресейлік "Сберге" берілмейтін болды - Мұхтар Тайжан

 

– Мусин Қазақстанды цифрландыру жұмысымен тек қана қазақстандық компаниялар айналысады деп айтты. Айтылды ма? Айтылды. Менің сөзім расталды. Сберге қазақстандықтардың дербес деректері берілмейді дедім. Ол да рас, Мусин растады. 500 млн доллар негізінен Қазақстанда қалады дедім. Басында мен өз басым біз Сбердің платформасын 500 млн долларға сатып аламыз деп түсінгем. Енді Бағдат Мусиннің сөзінен түсінгеніміздей, олай емес екен. Ол 500 млн-ның ішінде цифрландырумен айналысатын қазақстандықтардың айлықтары тұр екен.

 

Ондай мықты мамандар негізі 3-4 мың доллар айлық алады. Бізде мыңға жуық маман бар, 200 млн доллар алғашқы жылдары қазақстандық мамандарға айлық ретінде төленеді. Тағы 200 млн доллар "данныйлар" сақталатын "серверныйлар" салуға кетеді. Мен ойлап қалғам ғой басында, 500 млн түгел Сбербанкке кетеді деп. Олай емес екен. Қалған 100 млн доллар қайда кететінін мен әзірге айта алмаймын. Бағдат Мусин оны маған айтып жатса, мен оны да сіздерге хабарлаймын.

 

Мысалы, кітапты алайық. Кітап басып шығару үшін біз импортталатын компонент сатып алуымыз керек, мысалы, қағазды. Өкінішке қарай, сапалы қағазды Қазақстанда әлі шығармайды екен. Сол секілді мына жаңа платформаны жасау үшін қазақстандық IT-компаниялар шетелден компоненттер сатып алуға мәжбүр болады. Ол Сбер бола ма, "Хуавей" бола ма, оны білмеймін. Саған "Тойотаның" кілтін берсе, сен Toyota компаниясынан сұрамайсың ғой, ана жерге барып келейін деп. Өзің білесің. Көлікті кім шығарса да, көлік енді толығымен сенікі. Біз "исходный код" сатып аламыз, жаңағы көліктің кілті сияқты. Сонда бізге ешкім ешқандай ықпал, еш қысым жасай алмайды. Код бізде болады, Мусин солай деді.

 

Ағайын, Сбермен меморандум жойылды дегенді жазбас бұрын, тексеруге болады ғой?! Мен меморандум туралы ештеңе жазбадым, журналистер бұл жолы қателесті, деп ағынан жарылды Мұхтар Тайжан.

 

 

 




Көрілген: 1353    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 19:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31