Мәселе

Қатерлі ісік пен туберкулезбен ауыратындардың ипотека бойынша қарызы қайта қаржыландырылады

  • Қатерлі ісік пен туберкулезбен ауыратындардың ипотека бойынша қарызы қайта қаржыландырылады

    Қатерлі ісік пен туберкулезбен ауыратындардың ипотека бойынша қарызы қайта қаржыландырылады

Кей қазақстандықтың ипотека бойынша қарызы қайта қаржыландырылатын болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк мәліметінше, 2020 жылғы 1 қыркүйекте банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 83 миллиард теңге сомасына 9,2 мың өтінімді мақұлдады, оның ішінде 70,1 миллиард теңге сомасына 7,9 мың қарыз қайта қаржыландырылды.

 
Бағдарламаны іске асыру барысында азаматтардың өтініштері мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары талданды, олардың негізінде 2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағдарламаның талаптарын жақсартатын және мынадай мүмкіндіктерді көздейтін түзетулерді бекітті:

- еңбекке жарамсыздыққа әкеп соғатын және ипотекалық кредитті өтейтін кірістерден айыратын әлеуметтік маңызы бар аурулардың жекелеген түрлерімен ауыратын (аурудың 5 түрі бойынша, оның ішінде туберкулездің белгілі бір түрлері, қатерлі ісіктер, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіретін аурулары және басқалар) азаматтардың қарыздарды қайта қаржыландыруы;

- қарыз алушының зайыбы (жұбайы) немесе жақын туысы болып табылатын қоса қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілгердің ХӘОТ мәртебесі бар қарыздарға ХӘОТ үшін көзделген Бағдарламаның талаптарын қолдану;

- қарызды қайта қаржыландырғаннан кейін "ХӘОТ" мәртебесін алған қарыз алушылардың борыштық жүктемесін қосымша төмендету;

- ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыларды мемлекеттік баж бойынша берешекті төлеуден босата отырып, нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы арқылы банктің пайдасына берешегі өндіріп алынған қарыздарды Бағдарлама бойынша қайталап қайта қаржыландыру мүмкіндігін беру;

- қарыз алушыларға "Астана Банкі" АҚ және "БТА Банк" АҚ балансына өткен жалғыз баспанасын, сондай-ақ банктер күмәнді активтерді басқару ұйымдарына берген баспананы меншігіне қайтару.

Осы түзетулер шеңберінде Қарыз алушылардың банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялардың рөлін күшейтуге, сондай-ақ банктердің валюталық ипотекалық қарыздарды бір жақты тәртіппен жақсартатын талаптар шеңберінде теңгеге конвертациялауына бағытталған қосымша шаралар көзделген.

Алдын ала бағалаулар бойынша, түзетулер Бағдарламаның жалпы сомасы 50 миллиард теңгеге шамамен 5 мың қарыз алушыны қосымша қамтуына мүмкіндік береді.

Tengrinews.kz 




Көрілген: 1174    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 01:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31