2022 жылдың 2 қаңтарында «Эйр Астана» әуе компаниясының Ташкент – Алматы бағытындағы KC128 рейсінің ұшағында қатты турбуленттілік болды. Салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаматтық авиация қызметіне сілтеме жасап.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14:35-те көтерілді. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түскен. Бес жолаушы зардап шекті, оның төртеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қазір бір жолаушы тексеруден өту үшін ауруханада жатыр.
Әуе лайнері Алматыға сағат 16.45-те қонды. Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар оқиға туралы әуежай қызметіне хабарлаған. Көмек көрсету үшін жолаушылар жедел жәрдем көлігімен әуежайға жеткізілді.
Рейс жолаушыларына жан-жақты көмек көрсетіледі. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.