Мәселе

Қай өңірлерде кедейлік жоғары - статистика

  • Қай өңірлерде кедейлік жоғары - статистика

    Қай өңірлерде кедейлік жоғары - статистика

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 1% артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы үй шаруашылықтарын зерттеу дерегі бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 5,3% құрады (2019 жылы – 4,3%).

2020 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері тіркелген өңірлер:

- Түркістан (12,2%) облысы;

- Солтүстік Қазақстан (6,7%) облысы;

- Шығыс Қазақстан (6,5%) облысы

Кедейліктің ең аз үлесі - Нұр-Сұлтан (1,5%) қаласында.

Қалалық және ауылдық жердегі табыс айырмашылығы әлі де бар. Мәселен, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі - 3,7%, ал ауылдық жерде 7,6% құрайды. 2020 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,8 есе), Маңғыстау (3,2 есе) облыстарында байқалды.

«2020 жылы Джини коэффициенті 0,291 құрады. Халықтың 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген топтарының арасалмағы (қорлар коэффициенті) 5,9 есені құрады. Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі сәйкесінше 0,8% және 0,2% болды», - делінген Ұлттық бюро мәліметінде.




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 09:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30