Мәселе

Қайрат Реимов президенттен көмек сұрады

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

«Алматыметроқұрылыс» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Реимов өзіне тағылған айып «жалған» деп мәлімдеді.

Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген кәсіпкер қаржылық алаяқтық фактісінің ешқандай қисынға сыймайтынын айтып, президенттен көмек сұрады. Ол заңсыздықтың тоқтатылуын, шешімнің әділ болуын сұрап, президентке үндеу жасады.

Қайрат РЕИМОВ, «АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Тоқаевқа үндеу: Осы болып жатқан заңсыздықты тоқтатса. Ішкі істер министрі Тұрғымбаев мырза объективті түрде осы істі қарап тапсырма берсе, тағы да басқа органдарға прокурутураға тез арада заңды жауаптарын беріп, істі заң жағынан жүргізсе. Нақтысы, азаматтық іс болған соң, екі бизнесменнің арасындағы дау болған соң істі азаматтық сотқа жіберіп, бұл істі тоқтатуды сұраймын.

Айта кетейік, Қайрат Реимов қаржылық алаяқтық жасады деген айыппен 27 қараша күні ұсталып, тергеу изоляторына жабылған. Бүгін кәсіпкердің мүлкі кепілге қойылып, тергеу изоляторынан босатылды.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Соттың шешімі бойынша 25 миллион теңге кепіл төленіп, уақытша қамаудан босатылды. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлікті кепілге қойды. Сома қанағаттандырылғандықтан қамаудан босатылды.

Дау 2014 жылғы келісімшарттан туған.

Қайрат Реимов танымал кәсіпкер Дінмұхаммед Идрисовтан 1,5 млрд теңге қарыз алған. Кепіл ретінде "Алматыметроқұрылыс" компаниясының 39 пайыз акциясын салады.

Бірақ Реимов қаржылық қиындықтарға байланысты қаражатты қайтара алмай, борышын өтеу үшін жылжымайтын мүліктерін ұсынғанын айтты.

Бірақ ол кәсіпкер "Алматыметроқұрылыстың" 80 пайыз акциясын талап етіп отырғанын мәлімдеген еді.

Тіпті құқыққорау органдарынан қысым көргенін де хабарлады.

 astanatv.kz




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30