Мәселе

Қайтыс болған сарбаздың анасы тергеуді қайта жүргізуді талап етті

  • © Ktk.kz

    © Ktk.kz

Ұрып-соғып, атып өлтірген! Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінде суицид жасады делінген сарбаз Әліби Сапаның туыстары қылмыстық істің тоқтатылғанына наразы. Марқұмның анасы баласының мәйітін жіті қарап, соққының іздерін көріпті. Айтуынша, ұлы әлімжеттіктің құрбаны болған.


Майгүл Әліпбаева, Ә. Сапаның анасы:


- Неге беті көгеріп, ерні жарылған деп сұрадым. Тергеуші жауап бере алмады. Өз өзіне қол жұмсағанда сондай іздер қалады дейді. Бейнекамераны көрсетті. Ұлымның автоматты алып, өзін атқан кадрлар жоқ. Тек мұнарада жатқан видеосы бар. Күмәнді тұстар өте көп. Нақты дәлелдері болмаса да, суицид жасады деген шешім шығарғанын түсіне алмаймын.


18 жастағы ұлынан қапыда айрылған ана адвокатқа жүгініп, тергеуді қайта жүргізу үшін барымды саламын деп отыр.


Еске салсақ, қаңтарда Алматы облысынан әскерге аттанған сарбаз Әліби Сапа бір айдан кейін үйіне табытпен оралған болатын. Әскери бөлімдегілер Ұлттық Ұлан сапындағы жауынгерді Қарағандыдағы АК 159/7 түзету мекемесінің мұнарасынан өлі күйінде табылғанын хабарлаған.


Ал сараптама қорытындысына сүйенген құзырлы орган мамыр айында жас сарбаз өз-өзін атып өлтірді деген шешім шығарды.


ktk.kz


 




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31