Мәселе

Қайыршыдан қайыршы қайыр сұрап…

  • Қайыршыдан қайыршы қайыр сұрап…

    Қайыршыдан қайыршы қайыр сұрап…

5 200 000 000 теңге халық санағына жұмсалады дегенді ұстап жағамды ғана емес біраз жерімді ұстап отырмын. Елдегі қымбатшылық мынау. Аттап бассаң көшеде қайыр сұраған тіленшілер. Өткенде ғана Гүлжан сауда орталығының алдына 3-4 минут аялдап едім терезеден кезек-кезек қол жайып келген адамдар. Қайыршыдан қайыршы қайыр сұрап құдайдың күлкісін келтірген заман-ай деп қойдым…

Бірді айтып бірге кеттім. Халық санағы үшін «қанша адам тұрасыздар?» деп келіп те кетті. Бүйтіп біреулерді үй аралатып қаңғыртпай базадан неге ала салмайды?! Әр туған сәбиді, қайтқан адамды бәрін есепке алып отыр емес пе? Санақты неге электронды құжат арқылы іске асырмайды. Қазір адамды қойып әр малдың да құжаты бар емес пе? Қымбаттаған заттың бағасын ойлап отырып ЛРТ мен санаққа бөлінді деген қаржының сомасын естіп қан қысымым көтеріліп отыр.  Бәрі мемлекеттің қаржысы дер, айналып келіп халықтың салығының ақшасы гой.

Қан қысымы демекші, бір ай болды, қан қысым бойынша дәрігерге жазылып, ана таз, мына таз болып зерттетіп толық диогноз қойғыза алмай сабылып жүргеніме. Барлық жерде кезек, жазылым (запись), онсыз қарамайды, қабат-қабат есіктер. Кезекке апталап емес, айлап тұрасың, оған төзбесең төлемді өт дейі. Сонда ай сайын медициналық сақтандыруға не үшін ақша төлеп отырмыз?! Ауырған адам дәрігердің алдына жеткенше не ауруы асқынып өліп тынады, не жазылып кетеді. Бұндай жүйені кім ойлап тапқанын… Ауруханадағы дәрігер, медбикелердің кінәсі жоқ-ау, оларға құрып берген механизмдер, система солай.

«СМАТ» деген бір зерттеу жасатасыз деген, бүгін хабарласып жазылым сұрасам 27-шілдеде келеді кезек дейді. Бізде жалғыз аппарат бар дейді, бір елдің астанасы, орталығындағы әңгіме, сонда басқа елді-мекендер не болды, жағдайлары нешік? Осыларды СМАТчикке айтсам жоғарға жазыңыз, біз ештеңе істей алмаймыз, күніне қанша адам звондап шағым айтады дейді. Жоғарыдағы еститін Үкімет ести ме бұны, естісе неғып сабылып жүр адамдар?  Осының бәрін ақыры Үкімет естімесе де үйдегі анам естиді гой деп келіп шағынып отырсам «Қаладағы сендердің жағдайларың мынадай болса ауылдағы біздерге ауырып еш керек емес екен» деді. Осы емханалардағы процесстерге қатысы барларды белгілеп жіберсеңіздер екен. Себебі бұл жағдай менің басымда ғана деп ойламаймын. Алған жазғы еңбек демалысым – өтпүскім осылай өтіп жатыр.

Нұрдәулет ЕСАҒАСЫ.

zamana.kz




Көрілген: 1389    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 22:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30