Мәселе

Қаза болған қорықшының әкесі де қызмет кезінде қаза болып, артында 5 баласы қалған

  • © Baribar.kz

    © Baribar.kz

Браконьерлер шабуылынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторының әпкесі марқұм ағасы туралы баяндады. Ол жануарларды қорғаймын деп көз жұмған ағасын ешбір заң қорғамағанын айтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ер азаматтың анасы мен бес баласы қалды.


"Анасы оны жұмысқа жібергенде, әрқашан алаңдайтын. Ол барлық 15 жұмыс күн бойы оның қоңырауын күтетін. Ал ол күн сайын хабарласып тұратын. Егер ол кенеттен қоңырау шалмай қалса, анасы барлық отбасы мүшелеріне онымен байланысуды өтінетін", - дейді қаза болған қорықшының әпкесі Жансая Нұртазинова.



Қаныш Нұртазиновты жақындары мен көпшілік 26 шілдеде Жезқазғанда ақтық сапарға шығарып салды.


"Қазір біз оны өлімге өзіміз жібергендей болып отырмыз. Ол жануарларды қорғаймын деп қайтыс болды. Қаныш жануарлар мен табиғатты жақсы көрді, біздің тәрбиеміз сондай еді. Бірақ менің інімді қорғайтын бірде-бір заң мен адамның табылмағаны өте өкінішті. Болашақта ағамның әріптестерінің үйге аман-есен оралғанын қалаймын.

Олардың балаларының анасы қауіпсіздікте болуы үшін олар үйге оралуы қажет. Ағамның әріптестерінің отбасы ешқашан мұндай қайғыны сезінбеуі үшін мемлекеттің барынша қажетті шараны қолданғанын қалаймын", - дейді қаза тапқан қорықшының әпкесі.



Оның туған-туыстары Қаныш Нұртазиновтың жас күнінде оның әкесінің де қызмет кезінде қаза болғанын айтты. Отбасында дәл осылай бес бала болған, Қаныш Нұртазинов ортаншысы болған.


Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні "Охотзоопром" инспекторларының бірі браконьерлер қолынан қаза тапқан. Екіншісі ауыр жарақат алды.



 




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 13:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31