Мәселе

"Қазағымның жерін сағындым": Германияға көшкен неміс отбасы елге қайтып оралды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақтың кең пейілі мен ұлан-ғайыр даласын сағыныпты. Кезінде ата-бабасы Қазақстанға жер аударылып келген екен. Владимир қазір жылқы баптап, мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр.

 

Ереуіл атқа ер салып, еңку-еңку жер шалмаса, Владимирдің ісі бітпейді. Алты жасынан аттың бауырында өскен ол тұлпарды тұяғынан таниды. Дәл осындай асыл тұқымды 4 жылқысы бар. «Пайда үшін емес, жанның рахаты үшін ұстаймын», - дейді. Қазақ пен тұлпарды егіз көреді.

 

Германияда өткен 4 жылында өз елін, яғни қазақ даласын сағынғанын айтады.

 

Владимир Тауберт, Ошағанды ауылының тұрғыны:

 

- Германияда біз бір үйге қамалдық та қалдық. Еркіндік жоқ. «Өз үйім – өлең төсегім» дегенді сол кезде ұқтым. Қазағымның жерінде өзімді еркін әрі рахат сезінемін. 4 жылға жуық уақыт тұрдық та, әйеліме «елге қайтайық» дедім. Оның да күткені сол екен, қуана келісті. Германиядағы туыстарымыз аң-таң боп қалды, біз нағыз көшпенділер сияқты, жиналдық та көшіп кеттік.

 

Владимирден кейін жалғыз ұлы да елге қайта оралады. Бүгінде жол бойындағы асханасы мен мал өсіріп, онға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

«Қазақстандағы бірлік пен береке әлемнің басқа еш бір елінде жоқ», - дейді олар.

 

Эльвира Тауберт, Владимирдің жары:

 

- Қайтып айтарымды да білмеймін. Ішімде бір сағыныш тұрып алды. Германияның маған климаты да, ауасы да жақты. Бірақ үйге қайтқым келді де тұрды. Барлық туыстарым сол жақта аң-таң болып қалды. Германияға тек қонаққа баруға болады, бірақ өмір сүру үшін Қазақстан жақсы.

 

Ошағанды ауылының іргесі 1908 жылы неміс босқындары келе бастаған кезде құрылған. Қазір мұнда 500-ге жуық түтін бар. Жақында көшелерге жарық шамдар тартылып, су құбыры салынған.

 

Владимир болса, ауылда қаңырап қалған тағы бірқатар нысандарды жөндеп, қонақ үй ашпақ. Осылайша, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қалап отыр.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 3353    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 17:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30