Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақ дипломатиясының ардагері Уәлихан Қоңырбаев қайтыс болды

11 маусым 2022, 14:05

Қазақстан дипломатиясының ардагері Уәлихан Қоңырбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 10 маусымда мемлекет қайраткері, қазақ дипломатиясының ардагері Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаевтың дүниеден өткенін хабарлаймыз.

Ұзақ жылдар бойы қоғамға қызмет етіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде Қазақстанның Моңғолиядағы дипломатиялық миссиясын лайықты басқарды. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланып, қызмет атқарды. Тәуелсіз мемлекет пен оның дипломатиялық бөлімінің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты.

Уәлихан Сиянбекұлы өзінің жоғары кәсіби біліктілігі мен тамаша адами қасиеттерінің арқасында үлкен және кіші әріптестерінің шынайы құрметіне бөленді", - делінген СІМ хабарламасында.