Мәселе

Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді

  • Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді

    Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді

Астаналық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жиынында төрт аудан әкімі сөз сөйледі. Депутат оларға не нәрсеге көңілі толмай жүргенін жеткізді

Астаналық мәслихат депутаты Қарақат Әбден елорданың сол жағалауындағы проблеманы көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астаналық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жиынында төрт аудан әкімі сөз сөйледі. Депутат Есіл ауданының әкіміне коммуналдық қызмет жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

"Есіл ауданы маңызды екенін айттыңыз. Ендеше неге ол ауданда иттерді аулау мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген. Әлеуметтік желіде жаңа 88-мектеп маңында иттер балаларға тап бергенін жазып жатыр. Бюджетті бекіткен кезде оны ұлғайтуды сұрамайсыздар, біз қолдайтын едік. Не қаражат жетпейді немесе бұл жұмыс қолдан келмей жатыр", – деді Қарақат Әбден.

Сондай-ақ, депутат ағаштарды жаз мезгіліне даярлау жұмысы да дұрыс жүргізілмейтінін жеткізді. Депутаттың айтуынша, сол жағалаудың үшінші мәселесі - қоқыс шығару.

Қарақат Әбден Біріккен Араб әмірліктерінде қоқысты түнде немесе таңертең ерте шығаратынын мысалға келтірді. Ал астанада бұл жұмыс күндізгі уақытта істеледі.

Депутат Қарақат Әбден "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!" атты кітабын жарыққа шығарған соң танылды. Әлеуметтік желіде бірі авторды қолдаса, енді бірі оның пікіріне қарсы шыққан болатын.




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 23:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30