Мәселе

Қазақ мектептерін жапқысы келетіндер мемлекеттік саясатқа қарсы ма ?!

  • Қазақ мектептерін жапқысы келетіндер мемлекеттік саясатқа қарсы ма ?!

    Қазақ мектептерін жапқысы келетіндер мемлекеттік саясатқа қарсы ма ?!

Павлодар облысының Байдала ауылындағы жалғыз қазақ мектебі жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл жайлы «31 телеарна» тілшілеріне жергілікті халық хабар берген. Олардың айтуынша, мектептің жабылуын алғашында білім бөліміндегілер "мектеп лизенция алмаған" дегенмен түсіндірген. Артынша «мектеп талапқа сай емес, асханасы жоқ, дәретхана да далада» деген сияқты кемшіліктерді алға тартқан көрінеді.

Тұрғындар болса, ауылдағы жалғыз бастауыш мектепті жабамыз дегенді түсінбей дал.

Шәріп НҮРПЕЙІСОВ, ауыл тұрғыны:

– Байдаладағы бұл мектепте елу бала білім алады. Ал бесінші сыныптан бастап, ауылдықтар тоқсан оқушыны 8 шақырым жердегі Кенжекөл елдімекеніне апарып-әкеліп оқытады. Шенеуніктер, орта мектеп ашылады деп қуантқан еді. Бірақ артынан ойланып қалған ба, әйтеуір ол туралы ешкім сөз қозғамайды. Есесіне ауылдағы жалғыз мектепті жабамыз деп құлшынып отыр.


Ертісбай ӘЛІМБАЕВ, мектеп күзетшісі:

– Қоғам белсенділері «бұл қазақ мектептерін құртудың бастамасы болуы мүмкін» деп алаңдап отыр. Өйткені кез келген қазақ ауылдарындағы мектептердің асханасы жоқ және дәретханасы да ішінде емес. Сонда қалай болғаны, енді қазақ мектептерінің бәрін жаба ма?


Роза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, қоғам белсендісі:

– Жаңа мектептің салынуы ауылдықтарды бірталай қиындықтан арылтатынына азаматтар сенімді. Орта мектеп бой көтерсе, спортзал да, кітапхана да, мәдениет орны да болады. Ал қазір "лизенция алмағаны үшін жабылады" деп тұрғындарды хабардар еткен білім бөліміндегілер, алдыңғы айтқандарынан айнып қалыпты.


Ләйлә ЖҮСІПОВА, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:

– 753300 адам тұратын Павлодар облысында 87218 оқушы бар. Олардың 38972-сі қазақ тілінде, 48246-сы орыс тілінде білім алады. Облыс бойынша 406 мектептің 161-і аралас, 89-ы орыс тілді және 156-сы қазақ тіліндегі мектептер.


«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деп дана халық теке айтпаған. Шамасы бұл мәселеге журналистер араласқан соң райынан қатқан болуы ықтимал. Олай болса, білім басшылары шу басылған соң бұл мәселені қайта қолға алуы мүмкін.

Жалпы, соңғы жылдары қазақ мектептерінің жабылуына жиі куә болатын болдық. Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы Қостанай облысына қарасты Абай ауылында жалғыз қазақ мектебі жабылған болатын. Дәл сол жылы Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха қаласында да жалғыз қазақ мектебі жабылды. Біріншісінің жабылуына себеп болған – оқушы санының жетіспеушлігі болған. Қазағы аз бұл аймақта бала санының аз болуы заңдылық. Егер қазақ мектебі жабылса, онда балалар орыс тілінде оқуға немесе қазақтар өзге аймақтарға көшуге мәжбір болады. Елбасының өзі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, халықтың 95 пайызын қазақша сөйлетуге атсалысып, солтүстік аймақтағы қазақтардың санын арттыруға күш салып жатқанда, жергілікті атқамінерлердің бұл ісі түсініксіз.

Екінші жағдайда мектеп апатты жағдайда болған. Еріксіз, «сонда қазақтың маңдайына тек апатты мектеп жазылған ба?» деген ой келеді. Өйткені шығыс өңірде орыс мектептерінің саны әлдеқайда көп.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, Дос Көшімнің айтуынша, қазір елімізде қазақ мектептерінің саны жеткіліксіз. Оған қоса қазақ мектептеріне деген сұраныс күн өткен сайын өсіп отыр. «Баласын қазақ мектебіне бергісі келетін ата-аналар санының арта түсуі де қуантып отыр. Біз халықтың осы ынтаықыласына сай қимылдап, дер кезінде қазақ мектептерінің санын көбейтуге, оларды сапалық тұрғыдан жақсартуға күш салуымыз керек. Бірақ дәл қазір осыған батыл бетбұрыс жасау жетіспей тұр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 17 мектеп бар екен. Оның біреуі ғана – таза қазақ мектебі. Қалғанының барлығы – орыс мектептері. Ал жалғыз қазақ мектебіне қазір балалар сыймай жатыр. Есептеп көргенімде орыс мектептерінде 5000 оқушының орны бос тұрғанына көз жеткіздім. Тіпті кейбір орыс мектептері 30-40 пайыз ғана толық. Демек, бізге жаңадан мектеп салудан гөрі әлгі жартылай бос тұрған орыс мектептерін қазақ мектебіне айналдыру әлдеқайда арзанға түсер еді. Мен өз бетімше орыс мектептерін біріктіру арқылы қазақ мектебіне айналдыруды бала санына қарай есептегенімде, жеті қазақ мектебін ашуға мүмкіндік барына көз жеткіздім. Бұл – бір ғана Риддер қаласындағы жағдай» – дейді Дос Көшім.

Қазақ сыныптарының ашылуына құлық танытпай, қарсы болу жағдайы Алматы қаласында да орын алған болатын. 2013 жалы қаладағы №83 мектепте ашылған қазақ сыныбына бала қабылдамай жатқаны жайлы ата-аналар «Алаш айнасы» газетіне хабарласқан еді. «Бала саны жетіспейді» деген сылтауды алға тартқан мектеп басшысы, журналистер араласқаннан кейін қазақ сыныбына балаларды қайта қабылдаған болатын.

Ал, журналистердің назарынан тыс қалып жатқан жағдайлар қаншама?!




Көрілген: 1239    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.05.2014, 11:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31