Мәселе

Қазаққа қауіп қайыршылардан келіп жүрмесін...

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Алматы көшелерінде қайыр тілеп жүрген жандардың саны қанша? Ол белгісіз. Өйткені оның статистикасын жасап жүрген ешкім жоқ. Алақан жайып жүргендердің ұлтына қатысты айтсақ, әр алуан. Қазағы да, орысы да, тәжігі де, сығаны да бар. Ең өкініштісі, біздің елде олармен күрес дұрыс жолға қойылмаған.
Осыдан үш жыл бұрын алматылық тәртіп сақшылары рейд ұйымдастырған еді. Жетісу ауданындағы бір ғана Баянауыл көшесіндегі үйлерді тексергенде 120-дан астам келімсекті анықтаған. Қуықтай ғана бір бөлмеде 12-ден астам адам тұрып жатқан екен. Енді бір құлағалы тұрған жатаханадан 30-дан астам адамды уақытша бейімдеу орталығына жеткізген болатын. Біздің елде ешқандай құжатсыз жүрген олардың негізінен қайыр тілеумен, жезөкшелікпен айналысатындарын біз жақсы білеміз. Тазалық атымен жоқ. Міне, содан бері арада қанша жыл өтті, мұндай тексеріс әлі болған емес. Ал жағдай ушығып кетпесе, реттелмегені анық. Өйткені, өзіміздің «қайыршыларымызды» айтпағанда, келімсектер қаптап кетті.

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

«Баянауыл» көлік базарын жағалап, қайыр тілеп жүрген екі әйелді әңгімеге тартқан едік, қолдарында адыраспан бар олар әуелде қашқақтады. Ұлттары сыған ба деп ойладық.

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

– Қай жақтан келдіңіздер?
– Ресейден, – деп қалып еді біреуі, екіншісі жақтырмай қалды.
Қасындағы әйелді артына қарай ығыстырып екіншісі:
– Милициядан емессіздер ме? – деп жатыр сақтықпен.
Біздің:
– Жоқ, қорыпқай-ақ қойыңыздар, біздің полицияға қатысымыз жоқ, – дегенімізді естіген соң, олар сабасына түскендей болды.

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Сонымен сұрастырып білгеніміз, бұлар люлилер екен. Люли – сығандардан тараған халық. Негізінен Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Ауғаныстанды мекендейді. Қазақстанда да жоқ емес. Әлбетте, люлилер де сығандар сияқты «ұшарын жел, қонарын сай білетін» халық. Айтпақшы, сөзге сараңдау әйелдің есімі Марзи екен. Екіншісінікі – Шамда.
– Күніне 3-4 мың теңге табамыз, – дейді Марзи. Шын ба, өтірік пе, кім біледі.
Сөздерінен ұққанымыз, олар Жұлдыз ықшамауданындағы жай тамды жалға алса керек. Еркектері үйлерінде қалады. Әйелдер негізінен 10-12 жасқа дейінгі балаларды өздерімен ертіп жүреді. Егер бала ауырып тұрса, үйге тастап кетпейді, керісінше, «жұмысқа» алып шығады.

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Балалалар оқымайды, тіпті хат танымайды. Дәрігерге қаралмайды. Өйткені оларда ешқандай құжат жоқ. Сондықтан да, бұларда бала өлімі үйреншікті жағдайға айналып кеткен. Естуімізше, қаза болған баланы сығандардың басшылары зират басшылығымен кездесіп, құжатсыз жерлей беретін көрінеді. Аты-жөні беймәлім жандар сияқты нөмірмен жерлесе керек. Айта кетейік, әрбір зиратта осындай адамдарды жерлейтін бөлігі болады.
– Бала босанарда қайтесіздер?, – деп сұрадық.
– Үйде туамыз, – деп күліп жіберді Шамда.
Міне, осы жерде мынандай сауал туындайды. Егер оларда құжат болмаса, шекарадан қалай өтеді? Сонымен қатар, нағыз антисанитарияның ортасында тұратын бұларда әлбетте неше түрлі аурулар кездесуі әбден мүмкін. Араларында ашық туберкулез сияқты, басқа да аса жұқпалы дертке шалдыққандардың жүруі де ықтимал. Иә, қасыңа жетіп келіп, қадалған жерінен қан алмай қоймайтын тас кенеше жабысқандардан қауіптенуге негіз жоқ емес...

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

«Садақа беретіндердің басым бөлігі ер адамдар» дейді люли әйелдері.
«Пайда табуға қолайлы» деп олар мына жерлерді атап шықты:
Арбат;
Ірі көше қиылыстары;
Сауда орындары, базарлар;
Демалыс саябақтары.
«Қала орталықтарында жүрмейміз, милиция қудалайды». Бұл – Марзидің «өкпесі».
Қоғамдық көліктерге оларды мүлде отырғызбайды. Ол жағы түсінікті. Сол себепті негізінен қаланың басы мен аяғын жаяу жүріп өтуге тура келеді.
– Өздеріңізге жұмыс істейсіздер ме, әлде сіздерді бақылып жүрген біреулер бар ма? – дегенімізде екі әйел бір-біріне қарап қалды. Аздаған үнсіздіктен кейін.
– Бар,бірақ біз ол туралы айтқымыз келмейді. Өйткені бізге баспана тауып, милиция қамап тастағанда шығарып алатын сол, – деді қысқа ғана.

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Жаңа жылдан бастап жезөкшелікпен, қала көшелерінде көрікпелдікпен және қайыр тілеумен айналысатындарды әкімшілік жауапкершілілікке тартатын заң күшіне енбекші. Бәлкім сол кезде, тазалық дегеннен мақұрым, ортаға неше түрлі жұқпалы ауру таратып жүрулері әбден мүмкін келімсектер мәселесін тиісті орындар дұрыс жолға қоятын шығар дер үміттенеміз.




Көрілген: 2336    Пікірлер: 3

сәрсенбі, 19.11.2014, 11:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31