"Қазақша айтқанда, қыртпашы!" Арман Шораев Айдос Сарымның аузын жапты (видео)

06 наурыз 2022, 17:37

Журналист Ерболат Мұхамеджанның Youtube-те ашқан подкастына қонаққа келген қоғам белсендісі Арман Шораев пен Мәжіліс депутаты Айдос Сарым біраз тартысып бақты.

Подкаст барысында бір-бірінің пікіріне көңілі толмаған спикерлер тіпті "қыртпашы" деуге дейін барды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Біздің офицерлеріміздің жартысынан көбі — Ресейдің әскери училищелерін бітіргендер. Тоқсан пайызы ана тілін де білмейді. Бәрі — мақтабастар", — деді Арман Шораев.

Бұған Мәжіліс депутаты келіспей, "өтірік", "өтірік" дей берді. Сосын Айдос Сарым қоғам белсендісінен соңғы барған әскери бөлімшеннің нөмірін айтшы деп сұрады.

Шораев әскери училищеде білім алғанын айтты. Сосын өзі "Сен әскери борышыңды өтедің бе?" деп Сарымға сұрақ қойды. Депутат "жоқ" деп жауап бергенде Арман Шораев:

– Ей, онда қыртпашы! Қазақша айтқанда, қыртпашы! — дейді.