Мәселе

"Қазақша біледі деп таңырқауды қойыңыздар" - Алеся Сесь

  • © Алеся Сесьтің жеке мұрағатынан

    © Алеся Сесьтің жеке мұрағатынан

Бірінші сыныптан бастап қазақ мектебінде оқыған егіздер сыртқы келбетіне баса назар аударғанды ұнатпайды. Егіздің сыңары «Қазақша білесің бе?» деген сұрақтың өзі түрпідей тиетінін айтты, деп жазады Express Qazaqstan.

 

Алеся Сесь — Алматы қаржы, құқық және технология колледжінің бірінші курс студенті. Аспаз мамандығын игеріп жүр. Егізінің сыңары Евгений Сесь екеуі де қазақ мектебін бітірген. Алеся корей, кавказ тағамдарын әзірлеуді ұнатады.

 

"Бірінші сыныптан бастап қазақ сыныбында оқыдым. Мұғалімдер алғашқыда: "Өй, мұнда екі орыс не істеп жүр?" деп таңырқап сұрайтын. "Не бүлдіріп қойдыңдар? Орыс сыныбы сендерді қабылдамай жатыр ма?" деп те қалжыңдайтын. "Бізді әке-шешеміз қазақ сыныбына сабақ берді" деп жауап бердік. Кейін бәрі үйреніп кетті", — дейді Алеся Сесь.

 

Бұл жағдай колледжде де қайталанған. Қазақ бөлімінде оқып жүрген егіздерге ұстаздары әлі таңырқайды екен. Қазақша білетінімізді қызық көріп, сұрақ қойып, шүйіркелесуді ұнатады.

 

Евгений мен Алеся ©Алеся Сесьтің жеке мұрағатынан

 

Бұл дұрыс емес, әрине. Біртүрлі болып қаламын. Шеттеткендей сезіледі. Ұлтыма көп мән бергені ұнамайды. "Сен қазақша білесің бе, өзің? Қазақша сөйлейік пе, орысша сөйлейік пе?" деп сұрайды. Маған елмен бірдей талап қойылғанын қалаймын, — дейді Алеся Сесь.

 

Кейбір мұғалімдер көзінше құрбыларына: "Орыс қыздан қалып бара жатырсыңдар. Сендер не істеп жүрсіңдер? Ойланыңдаршы", — деп ұрсады екен. Оның айтуынша, Алеся өзін осы елдің қызы ретінде сезінеді. Әкесінің тегі украин, шешесі — қалмақтың қызы. Жұрттың неге өзін "орыс" деп атайтынын түсінбей дал. Адамдарды терісінің, шашының түсіне қарай алалаушылықты қаламайды.

 

"Әкем мені өз елінің тілін жақсы білсін деп бірінші сыныптан қазақ мектебіне берді. "Қазақстанда тұрасың ба, қазақ тілін білуге міндеттісің" деді. Қазір орыс тілін ұмытып бара жатырмын. Евгений екеуміз үйде қазақша сөйлесеміз. Әкем түсінбей: "Не айтып жатырсыңдар? Бізге де айтсаңдаршы" деп кейде кейіп қалады. "Әке, біздің кінәміз жоқ. Қазақ мектебіне берген өзіңіз ғой" деп ақтала күлеміз", — дейді Алеся Сесь.

 

 

 

 




Көрілген: 1388    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 09:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31