Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақша да, иранша да тойлайды

05 мамыр 2011, 16:53

Иран қазақтарының Ұлыстың ұлы күнiн мерекелеу дәстүрiне мынандай синтездiк сипат тән. Ирандағы қандастар, негiзiнен, Маңғыстау өңiрiнен көшкендiктен олардың арасында осы күнге дейiн Қазақстанның батысында сақталған үрдiстiң бар екенiн көремiз. Көрiсу Иран қазақтары арасында толықтай сақталған.
Иран қазақтары Ұлыстың ұлы күнiнде тағы да айтшылайды. Елдiң заңына сәйкес наурыз басталғанда кемiнде екi апта демалатын Иран қазақтары сәуiрдiң 2-сiнде, Иран күнтiзбесi бойынша фарвардин айының 13-iнде таң атқаннан кешке дейiн табиғат аясына шығып, сейiл-серуен, яғни пикник құрады. Ирандықтардың салты бойынша фарвардиннiң 13-iнде үйде отырған адамға шайтан үйiрсек келедi-мiс. Сондықтан да осы күнi табиғат аясына шығып, халық бiр-бiрiн құттықтап, тағы да айтшылайды. «Ирандағы қандастардың Ұлыстың ұлы күнiн атап өтуiне синтездiк сипат басым» дейтiнiмiз сондықтан.