Мәселе

Қазақстан әуежайлары мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеру күшейтілді

  • Қазақстан әуежайлары мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеру күшейтілді

    Қазақстан әуежайлары мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеру күшейтілді

Ішкі істер министрлігі әуежайлар мен темір жол вокзалдарында ПТР анықтама мен вакцинация паспорттарын қатаң түрде тексеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ПЦР анықтамаларын және вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша барлық шаралар қабылдауда.

​Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен жалған  ПЦР-тесттерін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс  және вакцинация паспорттарын  сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды.​

 
Еліміздің әуежайлары мен темір жол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін “Ashyq” қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығына тексеру күшейтілді.​

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, Түркия мемлекетінде демалуға ұшып баруды жоспарлап, ПЦР-анықтамаларды және билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады.

Сондай-ақ ол жалған ПЦР-тест анықтамасын пайдалана отырып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғынының ұсталғандығы туралы фактіні де айтты. 

“Оар ұшуға жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – деді Бекеев.

ІІМ жалған құжат дайындағандары үшін төрт жылға дейнгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.




Көрілген: 1060    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30