Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинағы 13 триллион теңгеден асты

25 қазан 2021, 12:26

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы бар. Бір жылда зейнетақы жинағының сомасы 569,5 миллиард теңге болды.
Ал жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді. Біржолғы зейнетақы төлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 миллиард теңге.
Сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 47,6 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 миллиард теңге, шетелге кету– 29,1 миллиард теңге, жерлеуге – 4,0 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,6 миллиард теңге.

 aikyn.kz