Мәселе

Қазақстан халқын кезекте тұруға үйретеді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа департаментті құрудың мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бізде әдептілік департаменті құрылды. Негізі, барлық мемлекеттік қызмет әдептілікке негізделуі керек. Біздіңше, әдептілік негіздерін тарату шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске де ықпал ете алады. Мәселен, жамандықпен үздіксіз күресуге болады. Ал әдептілік пен ізгілік болса, жемқорлықты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бар", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев.


Оның айтуынша, алдағы уақытта әдептілікті сақтауға қажетті инфрақұрылым да жасалады. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, қарапайым халық та тәртіпке үйренеді.


"Мысалы, шетелде "кезек ережесі" деген түсінік бар. Оны бұзуға болмайды. Ол жақта адам мықты миллиардер болса да, кезек ережесін бұзбайды. Біздің отандастарымыз да шетелде жүргенде кезекті сақтайды. Ал елге келген бойда "Бәке, өтіп кетейінші, асығып тұр едім" деп шыға келеді. Театрда адамдар киімді аламын деп, бір-біріне мінгесіп жатады. Ал ол жерге әуежайда сияқты лента тартып қойса, бәрі тәртіппен жүрмей ме? Осындай инфрақұрылымның арқасында әдептілік те сақталады", - деп атап көрсетті Сабырбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.


Департамент басшысы Швейцариядағы бір жағдайды еске алды. Ол жақта адамның кезегі қатаң сақталады. Қарапайым халық қана емес, қызмет көрсетушілер де тәртіпті бұзбайды.


"Бүгінде Швейцария қызмет көрсетудің эталоны болып саналады. Ол жерде сіз өзімізде сияқты кезексіз өтіп кетсеңіз, қызмет көрсетуші мамандар сізге қарамайды да, көрмегендей болып тұрады. Сізден кейінгі адамға қызмет көрсете береді. Иә, ұрыс шығаруға болады. Бірақ мамандар сізге сыпайы түрде кезекке тұруға кеңес береді. Осылайша, әдептілік қоғамның барлық салаларында болуы қажет. Мектеп, аурухана, театр, мемлекеттік орган, қонақүй – барлық жерде тәртіп болса, қоғамның санасы өзгереді", - дейді Сабырбаев.


 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 13:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30