«Қазақстан халқына» қорының алғашқы қаржысы қайда жұмсалады

19 қаңтар 2022, 08:58

«Қазақстан халқы» қорына жыл сайын шамамен 100 миллиард теңге түсетін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Қор төрағасы Болат Жәмішев осылай деп мәлімдеді.

 
Бүгінде қайырымдылық қорда 12 миллиард теңгеден астам қаржы бар. Ақшаны ірі бизнесмендерден бөлек қарапайым қазақстандықтар да аударған. Қор басшысының айтуынша, алғашқы қаржы қаңтардағы бүлік кезінде қаза тапқан әскери және полиция қызметкерлерінің отбасыларына бағытталады. Ақшаның бір бөлігі ауру балаларды емдеуге жұмсалады.

«Қазақстан халқына» қорының құрылтайшылары ретінде үкімет іріктеп алған 4 қоғамдық ұйым танылды. Алайда олардың қатары әлі артуы мүмкін. Із қайырымдылықпен айналысатын қоғамдық ұйымдаромен жұмыс істейтін боламыз. Біз олардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру барысында әріптестік орнатамыз деген үміттемін», - деді «Қазақстан халқы» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.