Қазақстан халқының саны қаншаға өскені белгілі болды

03 мамыр 2022, 16:19

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда 19 160 698 адам тұрады.

Төмендегі инфографика Қазақстан өңірлеріндегі халық санының 2000 жылдан бергі өзгеру динамикасын көрсетеді. 2000 жылы ел халқының саны 15 млн-ға жуық болса, қазірге дейін 4 млн-нан астам адамға артып, бүгінде 20 млн-ға жуықтады. Инфографикада қолданылған мәліметтер Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайтынан алынды.

Қосымша қызықты мәліметтер:

Халқының саны 2 миллионнан асатын өңірлер: Алматы облысы (әзірге, себебі биыл Алматы облысын екіге бөлу жоспарланған), Түркістан облысы және Алматы қаласы;

Халқының саны 1 миллионнан асатын өңірлер: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары (әзірге, биыл Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарын екіге бөлу жоспарланған);

25 жыл ішінде халық саны ең жылдам өскен өңір – Нұр-Сұлтан қаласы;

Алматы қаласы халқының саны 2021 жылы ғана 2 миллионнан асты;

Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан Шымкент бөлініп шыққанына қарамастан, Түркістан облысы халық саны бойынша бірінші орында.

aikyn.kz