Мәселе

"Қазақстан жоқ": 1922 жылы шыққан мемлекеттер картасы көпті таң қалдырды

  • "Қазақстан жоқ": 1922 жылы шыққан мемлекеттер картасы көпті таң қалдырды

Танымал американдық Reddit сайтында 1922 жылы Лондонда жасалған әлем картасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карта

Жазбаға пікір қалдырған пайдаланушыларды сол уақыттан бері көптеген өзгерістер болғаны таң қалдырды. Атап айтқанда, олар қазіргі уақытта мемлекеттер картасына енгізілген көптеген атаулар жоқ екенін, ал сол кездегі атаулар қазіргі атаулардан ерекшеленетінін байқаған.

 

Айта кетейік, қазіргі Қазақстанның аумағы картада KIRGHIZ REPUB деп белгіленген, ал Қазақстанның оңтүстігі қазіргі Қырғызстан мен Өзбекстанның бөлігіне кіріп, TURKSTAN деп көрсетілген.

карта

Гавайи Сандвич аралдары ретінде көрсетілген. "Сандвич" деп ағылшын теңізшісі Джеймс Кук атаған.

Тағы бір мысал - Британдық Үндістан. Сол уақытта Британ империясының колониясының аумағы қазіргі Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және Мьянма аумақтарын қамтыды.

Сонымен қатар, Корея бір мемлекет ретінде көрсетілген, Иордания әлі болмаған (оның аумағы сол кезде Палестинаға кірді), ал Югославия, керісінше, картада бар.

Араб түбегінде Хиджаз бөлек белгіленген. Хиджаз - ислам пайда болған тарихи орын болып саналатын аумақ, онда мұсылмандардың қасиетті Мекке мен Медина қалалары орналасқан. Қазіргі уақытта бұл Сауд Арабиясының бөлігі.

 
 

 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30