Мәселе

Қазақстан жолдарында стандартқа сәйкессіздіктің 5 мың фактісі анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК 2019 жылы атқарған жұмысының алғашқы қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, орталық мамандары өткен жылы Қазақстан жолдарында 13 мыңға тарта тексеріс жүргізіп, 5 мыңнан астам әр алуан олқылықты анықтаған.

Мәселен, Ақмола облысына қарасты Қосшы кентінде ұйымдастырылған рейдке қоғам белсенділері, республикалық арнайы мониторингтік топ пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылған. Тексеріс барысында түрлі кемшіліктер анықталып, техникалық қадағалау, субмердігерлік және жобалық ұйымдардың мамандарына әкімшілік айыппұл салынды.

«Сондай-ақ, 2019 жылы орталық Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарындағы жолдардың талапқа сәйкестігі тексерілді. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңыздағы «Майқайың-Екібастұз» және «Жалағаш-Жосалы» жолдары стандарттарға сай еместігі анықталды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде 2019 жылы 16 «Облжолзертхана» РММ біріктірілуі арқылы құрылған болатын. Орталықты құрудағы мақсат – республикалық маңызы бар жолдардың ғана емес, жергілікті жол желісінің сапасын тексеру, жол активтерін басқару, жол қауіпсіздігі деңгейін мониторингтен өткізу, жаңа технилогиялар мен материалдарды енгізу. Биыл аталмыш кәсіпорын Қазақстан жолдарының сапасын бақылау шараларын күшейте түспек.

 




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.01.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29