Мәселе

«Қазақстан жұртшылығының жеке құқығы мен меншік кепілдігі орнамайды» - саясаттанушы

  • «Қазақстан жұртшылығының жеке құқығы мен меншік кепілдігі орнамайды» - саясаттанушы

    «Қазақстан жұртшылығының жеке құқығы мен меншік кепілдігі орнамайды» - саясаттанушы

Талай жылдан бері Түркияны қабылдамай жатқан Еуроодақ бізді маңайына жолатпас.

Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидың пайымдауынша, "демократия дамымай, экономика алға жылжымайды. Оған қоса, Қазақстанда демократиялық мемлекетке тән сот жүйесі болмай, қазақстандықтардың құқығы мен меншік кепілдігі орнамайды екен. Бұл жайлы ол, Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саясаттанушының сөзіне сүйенсек, Батыс елдері біздің мемлекеттен демократияның кеңінен етек жаюын талап ететін көрінеді.

"Ресей Украинада ылаң ұйымдастырып, әскер мен қару кіргізіп, Украинаны өзіне бағындырмақ. Украина "Ресейдің газы болмаса құриды" деп болжаған. Ал бұл мәселе шешілгенге ұқсайды. Болашақта Украина Европалық Одақ пен НАТО-ға кірмек, ал Ресей Украинаны жібергісі жоқ.

Украинаға бұл бағытта АҚШ пен Европалық Одақ қолдау табады. Егерде Украина демократиялық реформаларды толық жүзеге асырса, Қазақстан евразиялық мемлекет ретінде НАТО мен ЕвроОдақтан үміті бар.

Батыс елдері бізден демократияның өріс алуын талап етеді. Демократия дамымай, экономика алға жылжымайды. Яғни демократиялық реформалармен қатар құқықтық реформалар жүзеге асырылады. Демократиялық мемлекетке тән сот жүйесі қалыптаспай, Қазақстан жұртшылығының жеке құқығы мен меншік кепілдігі орнамайды. Солай", - деген Әзімбай Ғалидың оқырмандары бұл тұрғыда үнсіз қалмады.

Мәселен, олар: "Талай жылдан бері Түркияны қабылдамай жатқан Еуроодақ бізді маңайына жолатпас. Түріктерді мүшелікке алмайтындарын Меркель ашық айтты ғой", "Əрине, бізден бұрын Украина жолына ақ орыс түседі. Біз олардан кейін шығар!?", "Мұны осылай боларын қазақтың баласы шағасы біледі, жаңалық емес", "Бізде дін мәселесі өте қиын. Еуроодақ түгелі Қытай да үркіп отыр", - десті.




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 19:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30