Мәселе

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы заңсыз көші-қонға тыйым салынады – заң қабылданды

  • Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы заңсыз көші-қонға тыйым салынады – заң қабылданды

    Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы заңсыз көші-қонға тыйым салынады – заң қабылданды

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келген. Ал жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 32 мың адамнан асты. Сенат Қазақстан мен Қырғызстан үкіметінің көші-қон бойынша ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, осы құжаттың негізінде азаматтық туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік бар.

"Нақты айтсақ, статистикамен ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының, құқықтық мәртебесі анықталады. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік бар", – деді Тұрғымбаев сенаттың жалпы отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келді. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 32 мың адамнан асты. Ал Қазақстаннан өткен жылы 175 мың азамат Қырғызстанға барған. Биылғы жылы үш айда олардың саны 36 мыңнан асты.

"Екі елдің ынтымағы артып жатыр. Қазақстан осындай келісімді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекетімен жасады. Осы заң – азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған", – деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады. Заң президенттің қол қоюына жіберіледі.




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 12:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30