Мәселе

Қазақстан Ресейден 100 вагон сатып алуға миллиардтаған қаржы жұмсамақ

  • Қазақстан Ресейден 100 вагон сатып алуға миллиардтаған қаржы жұмсамақ

    Қазақстан Ресейден 100 вагон сатып алуға миллиардтаған қаржы жұмсамақ

Жолаушыларға арналған вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.

Келесі жылы Қазақстан Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша шығарылған «Тұлпар-Тальго» өндірісінің 92 плацкарт және сегіз купе вагонын сатып алады, деп хабарлайды 
sputniknews.kz.


«2020 жылы «Тверь вагон жасау зауыты» ААҚ технологиясы бойынша шығарылған «Тұлпар-Тальго» өндірісінің 100 жолаушылар вагонын (92 плацкарт және сегіз купе) 40,8 миллиард теңгеге сатып алу жоспарлануда», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.


2019 жылы 24,1 миллиард теңгеге (шамамен 62 миллион доллар) 63 плацкарт вагон сатып алынды. Алғашқы партия шілде айынан бастап Алматы – Маңғыстау бағыты бойынша жүріп жатыр.


Вагон құрастыру


«Трансмашхолдинг» (ТМХ) тобы «Тұлпар-Тальго» зауытының 99% акциясын сатып алды, деп хабарлады Atameken Business арнасы. Келісім сомасы 23 миллион еуроны құрады.

Қазақстан испандық Talgo компаниясымен келісімшартты бұзды.


«Трансмашхолдингтің жоспарында жолаушылар вагоны өндірісін локализациялау деңгейін 2020 жылы 12% -ға дейін арттыру қарастырылған», - деді Тайжанов.

Вагондар қалай жабдықталған


Вагондарда қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер, кондиционер, дәліздер мен тамбурларда видеоекамералар бар.


Әр купе мен дәліздерге 220 Вольттық екі электр резеткісі және ұялы телефондар мен гаджеттерді қуаттауға арналған екі USB порты орнатылған. Жолсерік үшін тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері және ыстық су құйылатын титан қойылған.


Жолаушыларға арналған вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.


 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30