Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Қазақстан Ресейге қосылуы керек» деген ақтаулық қазақ көпшіліктен кешірім сұрады

29 желтоқсан 2022, 17:52

Ақтау қаласының тұрғыны Қайнар Қонысбаев RUSSIA деген жазуы бар, жеңінде Ресей туы бедерленген футболканы киіп алып, әлеуметтік желіде «Қазақстан Ресейге қосылуы керек» деген пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол ресейлік блогермен тікелей эфирге қосылған кезінде айтқан болатын.

 

Мен өз басым Ресейді қолдаймын. Қазақтар орыстілділерді құрметтемейді, неге екенін білмеймін, - деді Қазақстан азаматы эфирде.

Сондай-ақ ол «Қырым Ресейге тиесілі» деп әрі өзін сол ел үшін соғысуға шақырса, баратынын жеткізді.

13 сағаттан соң Қайнар Қонысбаев сол сөзі үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Ол тікелей эфирде өзінің әзербайжандық екенін айтқан, алайда қазақ екені белгілі болды.

 

Мен – Қайнар Қонысбаев. Ұлтым қазақ. Кеше дос баламмен бірге дүкенде тікелей эфирге кірдім. Бізге Украинадан арандату сипатындағы сұрақтар түсті. Мен оны әзіл деп қабылдадым. Айтқанымның бәрін шын қабылдауға болмайды. Мен Ресейге бармаймын, Қазақстанның азаматымын. Қазақтың баласымын, Қазақстанда өмірге келдім, - деді Ақтау тұрғыны.