Мәселе

Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді – Олжас Сүлейменов

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстан үшін сапалы жаңа дәуір туып келеді. Мұндай ұсынысты елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында қазақ ақыны Олжас Сүлейменов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біз жиі кездесе бермейміз. Осыған дейін 1973 жылы, осыдан 40 жыл бұрын Алматыда жүздескен едік. Ол кезде Азия мен Африка елдерінің конференциясы өтті. Күрделі кезең еді. Азия мен Африка елдерінде басқыншылыққа қарсы процестер орын алып жатқан. Қазір біз баяғыдан бері тәуелсіздіктерін алып, оны нығайту жолына түскен Азия елдерінен келген әріптестерімізбен ғана кездесіп отырмыз. Бұл кездесу Қазақстан үшін айрықша уақытта өтіп жатыр. Сапалы жаңа дәуір туып келеді», - деді ол.


Олжас Сүлейменов оған елімізде орын алып жатқан процестер жарқын дәлел бола алатындығын баса айтты.


«Бұл жайында қазіргі уақытта әрбір отбасыда талқыға түсіп жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында жан-жақты айтылған. Ол айтқан реформалардың болуы қажетті. Бірақ, Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір де жаңаруы керек. Бұл жайында, жаңа уақыт жайында таяуда ғана Нұрсұлтан Назарбаев тамаша айтып еді. Ол әлемде күштілердің емес, ақылды адамдардың дәуірі туып келе жатыр деп керемет айтты. Мұндай жан-жақты әрі нақты пайымды көптен бері естімеген едім», - деді О.Сүлейменов.


Оның атап өтуінше, әдебиет ақылды адамдары тәрбиелейді. Ал ақылды адамдар экономиканы көтереді.


 




Көрілген: 998    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 01:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30