Мәселе

Қазақстанда 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин қайта енгізіле ме

  • Қазақстанда 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин қайта енгізіле ме

    Қазақстанда 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин қайта енгізіле ме

 Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін карантин қайта енгізіле ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Есмағамбетова карантинді күшейтуге қатысты алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды. Оның сөзінше, мұндай әңгімені көбіне ойдан шығара салады. "Мысалы, адамдар жиналып, осы мәселені талқылайды да, біреудің "болжамынан" кейін сыбыс тез тарап кетеді. Мұндай ақпаратқа сенбеңіздер. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни ресми мәліметті пайдалануды сұраймыз. Соған сенгендеріңіз дұрыс ", - деді Есмағамбетова. Бас санитар қазіргі уақытта республикада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлім етті. Мамандар күн сайын жалпы елдегі, сондай-ақ, әрбір аймақ мен елді мекендегі жағдайды қадағалап отырады. "Ауруға шалдыққандардың саны азайып келеді. Дегенмен, науқастар әлі анықталып жатыр. Бүгінде ПТР-тесті оң нәтижесі бар коронавирус та, ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен коронавирус та тіркелуде. Біз жағдайды бақылап отырамыз. Барлық шешім санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай қабылданады", - деді Есмағамбетова.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда карантин режимінің қашан аяқталатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол республика бойынша тұмауға қарсы вакцинация екі апта бұрын яғни 15 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1015    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31