Мәселе

Қазақстанда 373 мың адам зиян еңбек жағдайында жұмыс істейді – Сапарбаев

  • Қазақстанда 373 мың адам зиян еңбек жағдайында жұмыс істейді – Сапарбаев

    Қазақстанда 373 мың адам зиян еңбек жағдайында жұмыс істейді – Сапарбаев

Елімізде әрбір төртінші жұмысшы өміріне зиян жағдайда еңбек етіп отыр. Бұл туралы "KIOSH-2019" IX Халықаралық көрме мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша конференция барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

"Қазақстанның қазіргі таңдағы еңбек қауіпсіздігі, адамдардың өндірістегі жарақат алмауындағы негізгі саясаты - жұмысқа барған адамның үйіне аман-есен келуі. Жұмыс берушілердің негізгі міндеттерінің бірі - еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде ескі құрал-саймандарды, жабдықтарды ауыстырып, оның орнына жаңа технологияларды заман талаптарына сай енгізуді көздеп отырмыз. Қазақстан еңбек қауіпсіздігіне байланысты халықаралық ұйымның талаптарын орындайды. Қазақстан жаңа инновациялар мен технологиялардың, цифрландырудың арқасында дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздейді. Ең бастысы - еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дегенмен қайғылы жағдайлар болып тұрады. Бүгінде Қазақстанда 373 мың жұмысшы еңбекке өміріне зиян жағдайда жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, әрбір төртінші жұмысшы өміріне қауіпті жағдайда еңбек етіп отыр. Қатты шу мен вибрация да адам денсаулығына кері әсер етеді", - деді министр.


 


Ведомство басшысының айтуынша, қазір министрлік еңбек қауіпсіздігіне байланысты заңнама өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін заң жобасын әзірлеп жатыр.


"Жыл сайын жұмыс барысында зардап шегетіндер саны азайып келеді. Дегенмен проблема бар. Қазір біз "Еңбек қауіпсіздігі" заңына өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы заң жобасын әзірлеп жатырмыз", - деп түйіндеді сөзі министр конференция барысында.


2019 жылдың 22 мамырынан бастап 24 мамырына дейін "Көрме" орталығында IX Халықаралық көрме мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша конференция өтіп жатыр.


Бүгін де бұрынғыдай KIOSH Қазақстандағы мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, институттар, одақтар мен бизнес өкілдерінің мүдделерін басты мақсат: жұмыс орындарында еңбектенетіндердің қауіпсіздігін және денсаулығын қамтамасыз етуге қол жеткізудің жалғыз және негізгі сұхбат алаңы болып келеді.


"KIOSH-2019" көрмесінің қойылымы жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының бұдан әрі өндірушілері мен жеткізушілерін, тоқыма, оңалту және алдын алу үшін өнімдер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, тренингтік компаниялар және тәжірибе мен білім алмасатын орталықтар, белсенді сұрақтарды талқылау және соңғы жылдардағы еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жетістікті көрсетеді. Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркиядан 43 компания қатысып жатыр.


Еуразиялық топ (ERG), "Allies Industrial" ЖШС, "По Глобал-Спецодежда" ЖШС, Mediker Industrial Medicine, "Зелинский групп" ЖШҚ, Горький атындағы Кимр фабрикасы және т.б. бар. Жыл сайын қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында 2000-нан аса маманды жинайды.


Бүгінгі конференцияның пленарлық сессиясында кәсіпорындар мен жұмыс орындарындағы бар мәселелерді, оларды шешу жолдарын, сондай-ақ әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуді талқылайды.


Baq.kz.




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 21:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31