Қазақстанда ақша жымқыру қылмысы көбейген

22 қараша 2022, 09:52

Биыл қаңтар-қазан қорытындысы бойынша, елде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру жөнінде 42 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 55,6 пайызға көп, - деп хабарлайды ranking.kz.

Салыстырмалы түрде: былтыр осы кезеңде мұндай қылмыс түрі бойынша 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. 

 

Өңірлер бойынша: Алматыда 13 жағдай, Алматы облысында 7 жағдай және Астанада 6 жағдай тіркелген.  

Сектордағы құқық бұзушылықтар Қазақстанның 20 өңірінің 15-інде тіркелді. Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ, Қарағанды және Жамбыл облыстарында мұндай құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

 

massaget.kz