Мәселе

Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға жоғарылайды

  • Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға жоғарылайды

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға жоғарылайды

Алдағы екі жылда әскери қызметшілердің айлық жалақысы орташа есеппен 60 пайызға жоғарылайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Оймаша" полигонында өткен "Отпантау-2021" шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

 Осы тұста мемлекет басшысы әскери қызметшілерге кешенді әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне де тоқталды.

“Қаржыландыру мәселесі кезең-кезеңімен артып келеді. Биылдан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақылары 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда орташа есеппен 60 пайызға жоғарылайды. Барлық санаттағы әскери қызметшілер үшін тұрғын үй мәселесі заңнамалық тұрғыдан шешілген. ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда қазақстандық әскердің әлеуметтік топтамасы – бәсекеге қабілетті. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі әрдайым мемлекет басымдық беретін салалардың қатарында болады. Күшті әскер – қуатты егемен Қазақстанның кепілі”, – деді президент.

 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 21:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31