Мәселе

Қазақстанда ауаны ластайтын көліктерге айыппұл артады

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге айыппұл мөлшері артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл Кодекс «ластаушы төлейді» принципіне сәйкес келеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334 бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 АЕК, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

 

Ал бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса - жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады.

 

Жаңа норма шілде айында күшіне енеді.

 

Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады.

 

«Сонымен бірге өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталары қабылданғанын, аталған құжаттарда автокөлік шығарындыларын азайту бағытында атқарылатын іс-шаралар да қарастырылғанын атап өткіміз келеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Жол картасына сәйкес, техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар қатаңдатылады. Бұрын техбайқау пунктерін ашқысы келетін кәсіпкер ол туралы тек хабарлауға тиіс болса, енді арнайы рұқсат алуы қажет. Мұндай орталықтарға бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету де енгізіледі. Сақтандыру полисін алу кезінде техникалық байқаудан өту міндеттемесі жүктеледі. Сонымен қатар техбайқау операторының қызметін тоқтата отырып, міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту да қарастырылған», - деді Экология министрлігінен.

 

Айта кетейік, елімізде экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автокөліктер техбайқау кезінде, Экология департаменттері Ішкі істер басқармасының немесе көліктік бақылау органдарының бірлескен рейдтері барысында, кәсіпорындарға жүргізілетін профилактикалық тексеру кезінде анықталады.

 

Автокөліктен шығатын ластаушы заттар нормативтерінің сақталуын Экология департаменттері газталдағыш «Автотест», «Мета-01» және өзге де өлшеу құралдары арқылы тексереді.

 




Көрілген: 1291    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28