Мәселе

Қазақстанда балаларға міндетті вакциналау енгізіле ме: Министр жауап берді

  • Қазақстанда балаларға міндетті вакциналау енгізіле ме: Министр жауап берді

    Қазақстанда балаларға міндетті вакциналау енгізіле ме: Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау туралы сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әрине, бұл тек ерікті түрде, ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Біз тек баласына екпе салуға мүмкіндік береміз", – деді Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде.

 
Оның айтуынша, министрлікке балаларды вирустан қорғау үшін вакцина табу туралы көптеген өтініш келіп түсіп жатыр.

"Өкінішке қарай, қазір тек ересек адамдар ғана вакцина салдыра алады, балаларға көмектесуге мүмкіндігіміз жоқ. Қазіргі уақытта 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын салдыруға кеңес берілуде. Азаматтар бұл мәселені өздері шешеді, бірақ біз вакциналауға шақырамыз, өйткені ол көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штаммен балалар да ауырады", – деді министр.

Сонымен қатар министр қазақстандық QazVac вакцинасын балаларға салып сынақтан өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.

"Біздің заңнамада екпені балаларға салып сынақтан өткізуге тыйым салынған. Сондықтан QazVac бойынша мұндай зерттеу жүргізіліп жатқан жоқ", – деді Цой.




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.07.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30