Мәселе

Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма

  • Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма

    Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма

Ресейде Sputnik-V вакцинасының балаларға сыналуы қоғамда алаңдаушылық тудырды. Мамандардың айтуынша, мұндай ғылыми сынақтар халықаралық тәжірибе болып саналады. Вакцинаны балаларға салдырған дұрыс па? Бұл туралы балалар невропатологы Қайырғали Көнеев айтып берді, деп хабарлайды 31 арна.

Дәрігердің айтуынша, балаларға вакцина салу Қазақстанда да жүргізіледі. 

 
“Біздің қоғамды бұл мәселе не үшін алаңдатады? Өйткені вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі халықтың ересек тобына әлі дәлелденбеді. Сондықтан қоғам қорқып отыр. Дегенмен, балалар ересектерге қарағанда әлдеқайда көп мөлшерде вакцина алады. Туғаннан бастап әртүрлі вакциналар салынады. 


COVID-19-ға қарсы вакцина өлімнен аман алып қала ма? Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жағдайды салыстырамыз
Заң бойынша вакцинаны мәжбүрлі түрде егуге бола ма? Заңгер жауап берді

Вакцинаны балаларға сынау Қазақстанда міндетті түрде күтілетін сәт деп ойлаймын. Sputnik V-мен болып жатқан барлық жағдайлар Қазақстанда да болады. Жақын уақытта Денсаулық сақтау министрі хаттаманы өзгертіп, балаларға да вакцина салу жұмыстарын бастайды деген ойдамын. 

Sputnik V-ді өндірушілер вакцинаның аденовирус негізінде жасалғанын айтады. Аденовирус ол барлық жерде таралған вирус. Жеңіл тұмау тудыратын  синдром. 3-4 күнге созылады. Жеткілікті таралған инфекция аурудың созылмалы түрлерін жойып, организмнің ауыр зақымдануына жол бермейді. Тіпті балаларға практика жүзінде іске асырылса да, қандай да бір қауіп төндірмейді деп ойлаймын”, – дейді ол.




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30