Мәселе

Қазақстанда баспанаға мұқтаж адамдар саны өсуі мүмкін

  • Қазақстанда баспанаға мұқтаж адамдар саны өсуі мүмкін

    Қазақстанда баспанаға мұқтаж адамдар саны өсуі мүмкін

Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев тұрғын үйге мұқтаждардың бірнеше есе көбейетінін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір баспанаға мұқтаж 2 млн адам бар. Урбанизацияның қарқынын ескерсек, баспанаға мұқтаж тағы 5 миллион адамның қалаға ағылатынын болауға болады. Нәтижесінде тұрғын үйге қажеттілігі бар халық саны 7 миллионнан асуы мүмкін. Бірақ бұл тек елордада ғана емес, барлық қалаларда», - деді Талғат Ерғалиев ұйым отырысының алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Ол бұл ойын мынадай болжамдармен түсіндірді. «Ауыл тұрғындары облыс орталықтары мен қалаларға, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы сияқты ірі қалаларға көшеді. Мұндай жағдай 10 жыл ішінде күтіледі. Өйткені, ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы өмір сүру деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жақсы. Бүгінде ауылда қажет мамандықтар бойынша көптеген гранттар беріліп жатыр. Яғни, ауыл жастарының оқуға келуі бұрынғыдан да көбейеді. Ал қалада біраз уақыт оқып, өмір сүрген адамдар ауылға оралғысы келмейді. Осының бәрін ойлап, көші-қон үрдісін осылай болжап отырмыз», - деді Құрылысшылар одағының басшысы.

ҚазАқпарат




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 14:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31