Мәселе

Қазақстанда бір жылда өлім-жітім айтарлықтай артты - сарапшылар

  • Қазақстанда бір жылда өлім-жітім айтарлықтай артты - сарапшылар

    Қазақстанда бір жылда өлім-жітім айтарлықтай артты - сарапшылар

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 36,1 мың адам қайтыс болды. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден 15,8 пайызға көп. 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті бір жыл бұрынғы 6,7-ге қарағанда 7,71 болды, - деп хабарлайды Finprom.kz.

2020 жылдың бірінші тоқсанында қайтыс болғандар саны - 31,2 мың адам. Бұған дейін жылдың бірінші тоқсанында өлім-жітімнің ең көп өсуі 2016 жылы байқалған. Ол - 2,9 пайыз.

"Өлім-жітімнің нақты өсуін 3 пайыз шегінде алсақ та, кем дегенде 3,8 мың жағдайды артық өлім дерегіне жатқызуға болады", - деп жазады сарапшылар.

Өңірлік бөліністе өлім-жітімнің ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген: 3,9 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 18,2 пайызға көп.

Алғашқы үштікке Алматы (3,7 мың адам) және Қарағанды (3,5 мың адам) облыстары да кіреді.

Қайтыс болғандардың ең аз саны Маңғыстау облысында тіркелген: 773 адам.

Қайтыс болғандар санының ең көп өсімі:

  • Қостанай (жылына 27,2 пайызға);
  • Солтүстік Қазақстан облысы (25,2 пайызға);
  • Павлодар (23,8 пайызға) облыстарында.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өлім-жітімнің ең көп саны қан айналымы жүйесі ауруларына байланысты тіркелген: 9 мыңға жуық адам, бір жыл бұрынғыға қарағанда 21,7 пайызға артық. Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруынан 3,2 мың адам, мидың қан тамырлары зақымдануынан 3,1 мың адам, гипертониялық аурудан 234 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, тыныс алу органдарындағы ауруларға байланысты 3,6 мың адам қайтыс болған. Бұл ресми мәліметтерге сәйкес, бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3 пайызға аз. Оның ішінде тұмау, ЖРЗ және пневмониядан 1,1 мың адам қайтыс болған.

Тағы 3,4 мың адам қатерлі ісіктен қайтыс болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,2 пайызға аз.




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31