Мәселе

Қазақстанда екінші апта қатарынан азық-түлік бағасы көтерілмей тұр

  • Қазақстанда екінші апта қатарынан азық-түлік бағасы көтерілмей тұр

    Қазақстанда екінші апта қатарынан азық-түлік бағасы көтерілмей тұр

Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өспей тұр. Картоп (-0,4%), пияз (-1,3%) және сәбіз (-2%) секілді өнімдер бағаларының төмендеуі тағы да байқалған. Апта бойына қырыққабат бағасының өсу қарқынының төмендеуі де 0,1%-ға дейін тіркелген, деп жазылған ҚР премьер-министрінің сайтында. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-Министр Асқар Мамин орталық мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Өңірлерде "кері айналым схемасын" қаржыландыру 47,9 млрд теңгеге жеткені белгілі болды. Мақсатты деңгей бойынша 95,7%-ға жеткен. Аталған схема бойынша нәтижелі жұмыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалған.

"Өткен апта бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер негізінде баға белгілеу бойынша Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Солтүстік Қазақстан облысында тауық жұмыртқасын сататын жеті құс фабрикасына қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Тауық жұмыртқасы, құс еті және қант нарығының субъектілеріне бағалық келісім белгілерінің болуы және әртүрлі бағаларды қолдану туралы 12 хаттама жіберілді. Шығыс Қазақстан облысының көтерме жеткізушісімен монополияға қарсы бір акті жасалды. Республикада өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және бөлшек сауда желілерімен барлығы 140 монополияға қарсы сәйкестік актісі жасалды", - делінген мәлімдемеде.

Премьер-Министр сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ жалпы инфляция деңгейін 8,5 пайыз шегінде тежеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

сенбі, 13.11.2021, 16:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31