Мәселе

Қазақстанда екпе жасатпаған балалар қандай жағдайда балабақшаларға кіргізіледі: Мәжіліс мәселенің нүктесін қойды

  • Қазақстанда екпе жасатпаған балалар қандай жағдайда балабақшаларға кіргізіледі: Мәжіліс мәселенің нүктесін қойды

    Қазақстанда екпе жасатпаған балалар қандай жағдайда балабақшаларға кіргізіледі: Мәжіліс мәселенің нүктесін қойды

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары екінші оқылымда халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте көрсетілген міндетті түрде жасалатын вакцинацияны мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттар екі ұсынысты қабылдамапты.

"Мәселен, мәжіліс отырысында профилактикалық екпе салдыруға "міндетті" деген сөзді "құқылы" деп өзгерту және егілмеген балаларды балабақшаларға кіргізбеу туралы шешімнен бас тартқан жөн деген бастамалар көтерілген. Алайда бұл ұсыныстар қабылданбады", - деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Нәтижесінде екпе түрлері міндетті және өз еркімен салынатын болып екіге бөлінсе, ал балалардың балабақшаға кіргізуге деген рұқсат беру "ұжымдық иммунитетке" байланысты жүзеге асырылатын болды. Яғни, егер балабақшадағы балалардың 95%-ына вакцина жасалған болса, ата-аналары екпеден бас тартқан бүлдіршіндер мекемеге қабылданады.

Айта кетерлік жайт, балаларына екпе жасатқысы келмейтін ата-аналарды жауапқа тарту мәселесі жаңа кодексте қарастырылмапты.

Заң жобасы сенат талқылануына жіберілді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы вакцинацияға қарсы петиция жасап шығарған әйел қарсылығына себеп болған жағдайды айтқан болатын.  




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30