Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда электр қуаты тапшы

02 тамыз 2022, 10:52

Қазақстанда 2022 жылы электр энергиясының тапшылығы 4,6 млрд кВтс құрауы мүмкін. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жетіспеушіліктің себебі тұтынудың күрт өсуі және отандық энергия көздері жабдықтарының авариялық істен шығу жағдайларының жиілеп кетуі болып табылады.

2022-2028 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес 2022 жылы шамамен 4,6 млрд кВт сағ тапшылықтың пайда болу тәуекелі бар.

Министрлікте Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінде (БЭЖ) тапшылық туындаған жағдайда (негізінен ең жоғары жүктеме кезінде) қажеттілік шектес мемлекеттерден электр энергиясын жеткізу есебінен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Энергетика министрлігінің пікірінше, бұл тұтынушылар үшін түпкілікті бағаға аз әсер етеді. Ал мұның бәрі ұлттық электр желісінің желілері арқылы тасымалдау шығындарын өтеу қажеттілігіне байланысты.

Энергетика министрлігі Ресейдегі электр энергиясының бағасы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін мойындады. Сондықтан энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және коммуналдық қызметтердің осы түрімен үздіксіз жабдықтау үшін жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту және қайта құру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде 2026 жылға дейін шамамен 1,5 ГВт электр қуатын іске қосуды қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ, шілде айында маневрлік электр станцияларын салуға аукциондық сауда-саттық тетігі қосылды. Екі аукцион нәтижелері бойынша Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы қуаты шамамен 1,2 ГВт бу-газ қондырғыларын (БГҚ) салуды жүзеге асыру міндеті тұрған мердігерлер анықталды.

Бұдан басқа, пысықталуы керек бірқатар перспективалы жобалар шеңберінде 1,6 ГВт-тан астам электр қуатын енгізу жоспарлануда. Бұл қуаты 600 МВт Алматы ЖЭО-2-де бу-газ қондырғыларын салу (БГҚ); қуаты 450 МВт Алматы ЖЭО-3-те БГҚ салу; қуаты 636 МВт Екібастұз ГРЭС-інде №3 энергия блогының құрылысы.