Мәселе

Қазақстанда генерал-майор мен полковник бір күнде қайтыс болды

  • © Sputnik / Елена Бережная

    © Sputnik / Елена Бережная

Отставкадағы генерал-майор Владимир Назаренко мен Уәлиханов атындағы қорғаныс министрлігі әскери колледжінің басшысы, полковник Серік Асанов бір күнде дүниеден өтті. Қаралы хабарды қорғаныс министрлігі айтты.

 

 

"Олар бір күнде - 19 қаңтарда көз жұмды. Біз үшін бұл орны толмас қаза", - деді ведомствода.

 

Генерал-майор Назаренко

 

Владимир Петрович Назаренко 71 жасында өмірден озды.

 

Ол 2004-2005 жылдары Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының орынбасары болды.

 

2019 жылы комиссия құрамында жарылыстар болған Арыстағы әскери бөлім қоймаларын тексерумен айналысты.

 

Серік Асанов несімен есте қалды

 

Уәлиханов атындағы қорғаныс министрлігі әскери колледжінің басшысы, полковник Серік Асанов 52 жасында көз жұмды.

 

Соңғы төрт жылда әскери кадрлар даярлаумен айналысқан. ҚР Қарулы күштері Құрлықтағы әскерлер әскери институтының басшысы болды. Кейін әскери колледжге басшылық етті.

 

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Владимир Назаренко мен Серік Асановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2102    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 08:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28