Мәселе

«Қазақстанда хаос жағдай орнады, министрліктің өзі паникада» - сарапшы

  • «Қазақстанда хаос жағдай орнады, министрліктің өзі паникада» - сарапшы

    «Қазақстанда хаос жағдай орнады, министрліктің өзі паникада» - сарапшы

Оның айтуынша, ел ішіндегі ахуал дабыл қағарлық жағдайға жеткен.
Дәл қазіргі еліміздегі эпидемиялық ахуалға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі алаңдаушылық білдіре бастады. Соңғы бір аптада дерт күрт өршіп, ел іші үрейге беріле бастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанда хаос жағдай орнады, ал министрліктің өзі паникада. Qazaqtimes порталына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, невролог-дәрігер Қайырғали Көнеев дәл қазіргі жағдайды осылай суреттеген. Оның айтуынша, ел ішіндегі ахуал дабыл қағарлық жағдайға жеткен. Министрліктің өзі не істерін білмей бастары қатып отыр. Жағдайды толықтай бақылаудан шығарып алған.

«Министрлік наурыздан бері әртүрлі көлемде қашықтан жұмыс істеуге ауысты. Ал қазір түгел дерлігі үйде. Бұлай болмайды, бұл дұрыс емес. Мұндай қауырт шақта ведомство бассауғаламай, халықпен бірге болуы шарт. Министрліктегілер санитарлық сақтық нормасын қатаң сақтап, бетперде және обаға қарсы қорғаныш киімімен толық штатта жұмысқа шықсын. Ресурс жетеді, тек медицина саласы басқарусыз қалып қойды. Дереу жағдайды қолға алу керек. Министрлік қызметкерлері қайта жұмысқа шықпайынша, жағдай жақсармайды. Бұл – мемлекеттік саясаттағы қателік, – дейді ол.

Солармен бірге поликлиника терапевт-дәрігерлерінің қызметі де үйге ауысқан. Ол қайсыбір науқасты көзбе-көз көріп-білмей, қолымен ұстап көрмей, тыныс алу екпінін тыңдамай жағдайын нақты-тура бағалау мүмкін еместігін айтады. Дәрігердің айтуынша, қазақстанда хаос жағдай орнаған. Ал министрлік паникада. Министрлік өз жұмысына толығымен оралмайынша, алдағы уақытта тіптен қиындай түспек. «Меніңше, елдегі коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны ресми нұсқадағыдай 32 мың (19 285-і – «симптомы бар» науқас, 12 677-і – «симптомы жоқ» тасымалдаушы) емес, 100 мыңнан асқан. Тіпті шынайы картина 150 мыңнан көп болуы әбден мүмкін. Осы қарқында жалғаса берсе, тамыздан кейін миллионға тақайды», - деп қорқынышты болжаған.

Сондай-ақ, ол науқастарды клиникалық белгісі бар-жоғына қарай бөлу амалының дұрыс емес екенін айтып өткен. Оның пікірінше, бұл «статистиканы манипуляциялау». «Негізінен кез келген ауруда симптомсыз-симптомды бәрі бірге қосып есептеледі» деп пікір білдірген. «Кез келген аурудың соның ішінде пневмонияның бактериалды және вирустық түрлері болады. Дәл қазір пневмонияның кезеңі емес, қыс кезі болса бір сәрі. Күн ыстық, жазда болғандықтан қазір жүріп жатқан ауру көбіне зерттелмеген коронавирус. Науқастардың саны өсіп кетпес үшін билік тесті әдейі тежеп, кешеуілдетіп отыр», – дейді Көнеев.

Дәрігер министрліктің тестілеу мен емдеу міндетін кейбір атаулы клиникаларға теліп-меншіктеп тастауын да құп көрмейді. Айтуынша, мұның барлығы биліктің лоббиі. Клиникаларды алаламай бәріне мүмкіндік беріп, бәсекеге жол ашу керек.

Жағдайды қолға алу үшін министрлік қайта күш жинап қажетті қадамдарға бару қажет. Көнеевтің ойынша, ол үшін ең алдымен вирусқа қарсы тиімді шараларды қолға алған абзал: халыққа тегін бетперде таратып, жаппай тегін тестілеу керек. Екіншіден, диагностикалауды күшейту қажет. «Сондай-ақ біраз уақытқа дейін бұқаралық-көпшілік шараларды тоқтату керек», - деген пікір білдірген.  




Көрілген: 3825    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 00:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30